Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің әрекетсіздігінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жатқан адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай психикасы бұзылған адамға сот ҚК-нің 88-бабы 1- бөлігінің «б» тармағына сай осы кодекстің 90-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
Сот мәжбүрлеу шараларының түрлерін, жазасын өтеу кезінде психикасы бұзылып, ауруға шалдыққан адамның психикалық бұзылуының сипаты мен мөлшерін, психикасының бұзылуының қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкіндіктерін, оның емделуді қажет етуін ескере отырып, дәрігер-психиатрдың қортындысының негізінде таңдап алады .
Жазадан ауруына байланысты босату туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қортынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің қатысуы міндетті.
Қажет болған жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.
Жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін .
Сотталған адамның ауыр науқасқа шалдығуы арнайы медициналық комиссияның қорытындысымен анықталады, бұл қортынды науқастанған адам ауруының өзгерісін мұқият тексеріп, қолданған емнің нәтиже бермейтіні анықталғаннан кейін беріледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексінің169-бабының 5 және 6-тармақтарына және Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 455-бабының 2 және 3-бөліктеріне сәйкес, сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы мәселе жазаны орындайтын органның немесе мекеменің бастығының ұсынысы не сотталған адамның өтініші бойынша қаралады.
Шымкент гарнизоны әскери сотының
кеңсе меңгерушісі Ғ.Утеулиев
[xfvalue_img]
22 пікір