2021 жылғы I-тоқсандағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша еңбек нарығының негізгі индикаторлары
Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің деректері бойынша 2021 жылғы I-тоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының экономикасында барлығы 581037 адам жұмыспен қамтылған болатын, одан ерлер - 293429 адам, әйелдер - 287608 адам.
Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 88,5% немесе 513962 адамды (соның ішінде, ерлер - 264903 адам, әйелдер - 249059 адам), ал жұмыспен қамтылған халықтың жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлер құрамында қызметкерлердің үлесі 11,5% немесе 67075 адамды (соның ішінде, ерлер - 28526 адам, әйелдер - 38549 адам) құрады.
2021 жылғы I-тоқсанда жұмыссыз халықтың саны 27957 адам болып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады.
Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті
[xfvalue_img]