НЕКЕНІ САҚТАУҒА МӘЖБҮР  ЕТЕТІН  ЖАЛҒЫЗ ТЕТІК  БАЛАЛАР

НЕКЕНІ САҚТАУҒА МӘЖБҮР ЕТЕТІН ЖАЛҒЫЗ ТЕТІК БАЛАЛАР

Некені бұзу туралы арыздар Республика соттарында жие қаралады. Ажырасу жас талғамайтын, әлеуметтік нормаға айналды. Некені сақтауға, жұбымен татуласуға ниетті жандар азайып барады.

       Кейде ажырасу туралы шешімді ерлі-зайыптылардың бірі импульсивті түрде, эмоцияның ықпалында қабылдайды. Ондай кезде кәмелетке толмаған балалардың мүддесі ескерусіз қалады. Ал, бұл оңай процесс емес. Қанша дегенмен екі жақын адамның өзара байланысты бұзып, барлық материалдық және моральдық мәселелерді бірден шешуі қиын. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 19-бабының 2-тармағына сәйкес, егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған; ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған; егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған; ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда неке сот тәртібімен бұзылады.         

       Сот процесінде ажырасу туралы шешімнің асығыс қабылданғанын түсініп, татуласып, отбасын сақтап қалатын жағдайлар да болады.

       Айта кету керек, көп жағдайда ер адам мен әйелді некені сақтауға мәжбүр ететін жалғыз тетік – балалар. Алайда, кейбір жағдайларда ата-ананың ажырасуы бала үшін ең дұрыс шешім болып табылады. Себебі, араздасу, өзара қорлау, әкесі мен анасының жанжалдасып өмір сүруі баланың тыныштығын бұзады, психологиясына әсер етеді.       

       Отбасын сақтап қалуға үміт болған кезде, сот тараптардың татуласуына мерзім береді. Осылайша, сот отырысы судьяның бастамасы бойынша немесе сот отырысы тараптарының бірінің өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін.

       Татуласудың ең аз мерзімін тағайындаған кезде де сотта некені бұзу рәсімі кем дегенде бір айға созылатынын ескерген жөн. Кодекстің 23-бабының 1-тармағы бойынша, тіркеуші органдарда бұзылатын неке – азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған кезде некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

      Сотқа бармас бұрын балалардың туу туралы, асырап алу туралы құжатының көшірмесін, неке қию туралы куәліктің түпнұсқасын дайындап, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бажды төлеу керек. Сот отырыстарының саны істің күрделілігіне және процеске қатысушылардың мінез-құлқына байланысты. Негізгі қиындықтар мүлікті бөлу, балалар және тағы да басқалар жөніндегі даулар болып табылады. Әдетте сот некені бұзғаннан кейін балаларды анасымен бірге тұруға қалдырады, ал әкесі алимент төлейді.

       Алайда дұрыс шешім қабылдау үшін ата-аналардың пікірі (егер бала 10 және одан да көп жаста болса, онда баланың пікірі де ескеріледі); ата-аналар мен баланың өзара қарым-қатынасы; тараптардың қаржылық жағдайы; әрбір ата-ананың баланың өміріне қатысу мүмкіндігі ескерілу керек.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақмарал Нұрым.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.