«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры»

«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры»

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы мен болашағының айқын көрінісі. Тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы.  Сондықтан, оған бейжай қарамайық. Қазақстан Республикасының  Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Мұндай бағдарламалар қазақ тілінің ауызекі сөйлеу деңгейіне де, әдеби және мәдени сапасының тиімділігіне де оң әсерін тигізері сөзсіз. Олай болса, туған тілімізді шұбарламай, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысу – біздің басты міндетіміз болуы тиіс.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, отансүйгіштіктің, ұлттық намыстың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін  көтеруде мемлекеттік қызметшілерге жүктеліп отырған міндет зор. Сондықтан назар  аударатын  мәселе,  ендігі  жерде  саны  ұлғайған  қазақ  мектептерінің  беделі  мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  мәселесі.  Мемлекеттік  тілді  лайықты  деңгейде  оқытып-үйретуді  басқа  мектептерден  де  талап  ету  керек.  Өзге  ұлт  мектептерінде  оқитын  балалар мектеп  бітіргенде  қазақ  тілін  игеріп  шығатын  жағдайға  қол  жеткізу  керек.  Жоғары  оқу  орындарында  да  қазақ  тілін  оқытудағы  мақсат  осындай  болуға  тиіс. Қазір  елімізде  жүргізіліп  отырған  салиқалы  тіл  саясатының  нәтижесінде  төзімді,  толеранттық  тілдік  орта  қалыптасқаны – айқын  ақиқат  қана  емес,  маңызды  саяси-әлеуметтік  құндылықтардың  бірі  де.  Ал  проблемаларын  жүйелі  түрде  шешу  үшін  Елбасы  Тілдердің  қолданылыуы  мен  дамытудың  жаңа  мемлекеттік  бағдарламасын  әзірлеуге  тапсырма  берді.Он  жыл  мерзімге  арналатын  бұл  бағдарламаны  жасау  кезінде  мемлекеттік  тілдің  өрісін  бұдан  да  кеңейтіп,  оның  конституциялық мәртебесін  бұдан  да  көтере  түсуге  мүмкіндік  беретін  бірнеше  басым  бағыттар  ерекше  назарда  ұсталуы  керек. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Қазақ тілі – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын азаматтардың тілі. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөл ойнауы мүмкін. 

     Бүгінгі  заманда   бірнеше  тілді меңгергеннің   артықшылығы жоқ. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Дейтұрғанмен ,  ұлтымыздың  құнды  жәдігері  мемлекеттік   тілімізге  жанашыр  көзқарас  бар  жерде  тіліміздің  өркендеп,  өз  тұғырында  тұратынын  ұмытпауымыз  керек.

И.С.Нургалиева

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.