Сот жүйесіндегі қазақ тілі

Сот жүйесіндегі қазақ тілі

Қазақстан Республикасының  Тұнғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бейжай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», – деп атап көрсетілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп көрсетілген болатын.
Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Мұндай бағдарламалар қазақ тілінің ауызекі сөйлеу деңгейіне де, әдеби және мәдени сапасының тиімділігіне де оң әсерін тигізері сөзсіз. Олай болса, туған тілімізді шұбарламай, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысу – біздің басты міндетіміз болуы тиіс.

Ата Заңымыздың 7-бабының 1-ші бөлігінде де қазақ тілінің еліміздің мемлекеттік тілі екендігі нақты тұжырымдалған. Осылайша небір қиын дауларды екі жақты да ренжітпей шеше білген билерімізден, шешендеріміз бен ақын-жырауларымыздан мұра болып қалған, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің, ұлттық санамыздың мәйегі болған ана тіліміз мемлекеттік деңгейде қолданатын мемлекеттік тілге айналған еді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады», – деп нақтыланған. Аталған Заңның 14-бабында «әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал, қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi» делінген.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 738-бабының талабына сәйкес, Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Қазақ тілі – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп санайтын азаматтардың тілі. Адамзат тарихының мың­даған ғасыр бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, қоғам мен мемлекет құрылы­мындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі. 
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстан­ған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басы­нан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын таныта­тын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. 

Перезат Таялиева

Орал қаласының №2 сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.