Онлайн режимінде өткен жетінші әйелдер форумы
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында онлайн форматта 7-ші аудандық әйелдер форумы өткізілді. Форумға Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов, «Нарын шуағы» әйелдер қоғамы бірлестігінің төрайымы, кәсіпқой емес медиатор Гүлжиян Бисекенова және басқада үкіметтік емес ұйымдары мен мемлекеттік гендерлі саясатты іске асыруға бағытталған мекемелердің өкілдері, ауылдық округтердің, аналар кеңестерінің төрайымдары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.Форумды «Нарын шуағы» әйелдер қоғамы бірлестігінің төрайымы, кәсіпқой емес медиатор Гүлжиян Бисекенова ашып, онлайн форматта өткізіліп отырған 7-ші аудандық әйелдер форумында аналар кеңестерінің жұмыстары отбасы құндылықтарын дәріптеу, ана мен баланың құқығын қорғау, отбасылық дауларды медиация тәртібімен шешу туралы,әйел адамдарды кәсіпкерлікке және жұмысқа тарту сияқты мәселелерге тоқталып өтті. Әсіресе, ажырасушылар қатары жыл санап көбейіп отырғаны қынжылтатын жағдайға екенін айтты. Ажырасушылар санын азайту және ер мен әйелдің отбасын сақтап қалу үшін сотқа жеткізбей дауды шешу мәселесін қолға алу, яғни екі жақ тарапты татуластырып отбасын сақтап қалу туралы ұсыныс жасалды.
Еліміздегі қолданыстағы заң бойынша соттар неке бұзу туралы азаматтық істерді қараған кезде сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі болады. Басты мақсат отбасын сақтап қалу, балалардың әкесіз қалмауын немесе әйелдердің өз балаларын тастап кететін жәйттарға жол бермеу.
Отбасылық дауды сотқа дейін жеткізбеу мақсатында, кәсіпқой емес медиаторлардың көмегімен аудандық соттың мәліметімен 2021 жылдың 7 айында аудандық сотта 10 неке бұзу туралы азаматтық іс қаралып аяқталса, оның ішінде 7-нің некесі бұзылып, 3-і медиатордың көмегімен отбасын сақтап қалған. 2020 жылдың 7 айымен салыстырғанда 12 неке бұзу туралы азаматтық іс қаралып аяқталса, оның 8-нің некесі бұзылса, 3 -і медиациямен тоқтатылған, былтырғы жылмен салыстырғанда азайған.
Сонымен қатар, форумда ауылдық округтерде кәсіпқой емес медиаторлар қатарына білімді, сөзі өтімді сыйлы әйелдерді қосу туралы ұсыныс бердім. Форумға қатысушылар отбасын сақтау мәселесіне қатысты қойылған ұсынысты қабылдады.
Шара соңында, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов онлайн форматта өткізіліп отырған 7-ші аудандық әйелдер форумына қатысып отырған әйелдер қауымын құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
БҚО, Бөкей ордасы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Зияш Зайнуллина
[xfvalue_img]