Жаңақала аудан бойынша тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Жаңақала ауданы бойынша тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында құрылған жұмыс тобымен дөңгелек үстел өтті.
Шараға аудандық сот төрағасы Сабыржан Есжанов, Жаңақала ауданы әкімдігі жанынындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия төрайымы аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямгалиева, Жаңақала ауданының прокурорының көмекшісі Холик Кучкоров, Аудандық білім бөлімінің бастығы Руслан Ғұмар, Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығы Ержан Макишев, Жаңақала аудандық полиция бөлімі бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі УПИ Фархад Нургалиев, Жаңақала ауданы бойынша медиатор Рая Апахаева, Жаңақала ауданы Жаңақала ауруханасының бас психолог - кординаторы Анаргүл Ишанова, «Ажар» әйелдер қоғамы бірлестігінің төрайымы Роза Туманова, Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері – Жадыра Төлеуғалиева, психологиялық қызмет жөніндегі әдіскер ‑ Дуйсенгалиева А.К., «Жаңарған өңірі» газетінің тілшісі қатысты.
Сот төрағасы Сабыржан Есжанов дөңгелек үстелді ашық деп жариялап, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде онлайн режимінде өткізілген жиында тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын-алу мақсатында жұмыс тобы құрылған болатын.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық әрекет ету Алгоритмі жасақталып жұмыс тобының мүшелеріне орындау үшін жолданғанын айтты.
Алгоритм бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, отбасылық шаралар өткізу жұмыстарын қолға алу керек. Сонымен қатар, ауылдық округтерде бұл тақырыпта көшелерде ақпараттық-үгіт сипатындағы «Зорлық ‑ зомбылыққа жол жоқ!» жазуымен сенім телефондары жазылған билбордтар орнатылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялануын, ауылдық округтердегі потенциалды жанұяларды анықтап, олармен жұмыстанудың қажеттілігін атап өтті сот төрағасы.
Кездесу барысында сондай-ақ себептерді, осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау үшін уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауы бойынша жұмыс әдістерін анықтай отырып, көрсетілген тақырып бойынша туындайтын мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, полиция органдарына маскүнемдікке шалдыққан адамдарды анықтап, оның ішінде алкогольдік масаң күйде тұрмыстық құқық бұзушылықтар жиі жасайтын сотта анықталған екі азамат мәжбүрлеп емдеуді қажет еткен жағдайда, еріксіз емдеу органдарына жолдауды, жәбірленушілерге қатысты қорғау нұсқамасын бекіту, Жаңақала ауруханасының бас психолог - кординаторы А.Ишановаға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған осы комиссия отырысының тізіміне енгізілген жәбірленушілермен сөйлесіп, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, «Ажар» әйелдер қоғамы бірлестігінің төрайымы Р.Тумановаға жәбірленуші әйел адамдармен жұмыстану тапсырылды.
Кездесу соңында қатысушылар отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және болдырмауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруда пікірлер және тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.
[xfvalue_img]
43 пікір