Тәуелсіздік тірегі - Ата Заң!

Тәуелсіздік тірегі - Ата Заң!

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Конституция– қоғамдық және мемлекеттік  құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдум арқылы қабылдады. Конституциямыздың алғы сөзінде: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген      Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде      мемлекеттiлiк құра отырып,      өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық      мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық      қоғам деп ұғына отырып,      дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын      алуды тілей отырып,      қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы      жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,      өзіміздің егемендік құқығымызды негізге      ала отырып      осы Конституцияны қабылдаймыз»-деп айқын тайға таңба басқандай айтылған. Конституциямыз осы уақытқа дейін тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл жол ашып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр.

Елбасымыз: «Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ»-деген болатын.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды"-дейді қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы. Қазіргі басты міндетіміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау еліміздің әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.

Ақмола гарнизоны әскери сотының Бас маман сот отырсының хатшысы

А.Сайлауова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.