Сотты құрметтемеудің соңы неге соқтырады?

Сотты құрметтемеудің соңы неге соқтырады?

      Сотқа құрметтемеушілік көрсету дегенді және ол үшін жауапкершілік бар екендігін естіп жатамыз. Алайда, оған не жататынын, қандай жауапкершілік қарастырылғанын біле бермейміз. Қандай да бір сот отырысына шақырылған және қатысатын азаматтар сот залындағы тәртіпті сақтауға міндетті. Сотты немесе судьяға құрметтемеушілік көрсету, сондай-ақ сот актілерінің талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 327-бабына сәйкес сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезде төрағалық етуші сот отырысы залынан адамды шығарып жіберуге немесе сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялауға және кінәлі адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жiберiлсе, онда үкiм оның көзiнше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс. Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулы шығарады. Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға әкiмшiлiк жаза қолдануы мүмкiн. Егер тәртiп бұзушының сот отырысындағы iс-әрекетiнде басқа әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не қылмыстық белгiлерi болса, сот тиiстi тәртiппен қылмыстық немесе әкiмшiлiк iс қозғау үшiн материалдар жiбередi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер - ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер–отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Шығарып жіберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Әкімшілік жаза сотталушыға қолданылмайды.

Сот отырысында прокурор не сотталушыны (сотталған, ақталған адамды) қорғаушы ретінде қатысатын адвокат сотқа құрметтемеушілік туралы анық куәландыратын әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған кезде сот (судья) жоғары тұрған прокурордың не адвокаттар алқасының тиісті шаралар қабылдауы туралы жеке қаулы шығарады. Соттың (судьяның) Қылмыстық іс жүргізу туралы кодекстің 346-бабының негізінде сот отырысында тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану не Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы бойынша әкімшілік жаза қолдану жөніндегі іс-әрекеттері сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс. Апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың көрсетілген іс-әрекеттері осындай хаттама заңға сәйкес жүргізілген жағдайларда ғана сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 830-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот отырысында шығарылған ӘҚБтК-нің 653-бабы бойынша әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолдану туралы бірінші сатыдағы соттың (судьяның) қаулысына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалады. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың, Жоғарғы Соттың сот алқаларының ҚІЖК-нің 346-бабының негізінде ақшалай жаза қолдану туралы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылары шығарылған сәттен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды. Бірінші сатыдағы соттың (судьяның) ҚІЖК-нің 346-бабының негізінде ақшалай өндіріп алу туралы қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап орындалуға жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы бойынша әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолдану туралы соттың (судьяның) қаулысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 884-бабының 3-бөлігіне сәйкес шығарылған кезден бастап орындалуға жатады. Қаулының көшірмелері орындау үшін ішкі істер органдарына және прокурорға дереу жіберіледі. Сотты құрметтемегені және сот отырысынан тыс жасалған басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаны сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларына сәйкес жалпы тәртіппен қолданады.        Судьяны және (немесе) алқабиді оның қызметтік жұмысына байланысты қорлаудан көрінген сотты құрметтемеу ҚК-нің 410-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Яғни сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотты құрметтемеу – бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс-әрекет – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

А.Искакова, Жаңақала аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.