Сыбайлас жемқорлық - жастардың жарқын болашағын жалмау.

Сыбайлас жемқорлық - жастардың жарқын болашағын жалмау.

 

Болашақ жастардың қолында! Ел басымыздың осы бір ұлағатты сөзінің әр бір буынына үңілсек, астарында үлкен мән-мағына жатыр. Бұлыңғыр, әлі айқын емес «БОЛАШАҚҚА» жарқын үмітпен, сенімді серпінмен қарайтын «ЖАСТАРЫМЫЗҒА» өз болашағымызды «ҚОЛДАРЫНА, АМАНАТТАП» құдды бір эстафеда іспетті сеніп тапсыра аламызба?! Әрине, бұған жауапты қоғамдағы құбылыстан табу қажет. Сыбайлас жемқорлық өршіп тұрған қоғамда – жастарымыз уланған аймақта жүргенмен іспеттес. Сол себептіде сыбайлас жемқорлықтан жастарымызды максималды түрде зарарсыздандыруымыз қажет. Осы орайда сыбайлас жемқорлықтың жастармен байланысына қатысты сөз тарқата кетсек.

Көбіміздің түсінігімізде жастарды «жас буын» - деп сипаттайды. Яғни, «буын» дей отырып, жаңа өсіп келе жатырған жастарды, болашақпен қазіргі өмірдің арасын жалғайтын буынға теңейді. Сонымен қатар, жастарды жаңа өсіп келе жатырған жас бұтақпен байланыстырады. Демек, жас бұтаққа қалай күтім жасалса оның діңгегі де солай өсіп жетіледі. Яғни, болашақтың кепілі болған жастарға қандай тәрбие берілсе, ол елдің де болашағынан сол тәрбиеге лайық нәтиже күтуге болады.

Ендеше, сыбайлас жемқорлық өршіп тұрған қоғамда өсіп жатырған жас өспірімдер көзі көріп өскен аты жаман «жемқорлық» ауруына көздері үйреніп, қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды. «Көз көрмесе, көңіліңде тілемес, көзің көрсе көңіл ауу түк емес»-деген, даналы сөз осының дәлелі. Бұл өз кезегінде жастардың сана сезімінің улануының алғашқы бастамасы. Әрі қарай, не жемқорлықпен күрес немесе жалынды жастарды рухани жоғалта берумен жалғасын табады. Сол себептенде, ең басты жұмыс, ол – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, бұлтартпау болып табылады.

         Жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім қалыптастырып, кез келген туындаған сыбайлас-жемқорлықпен бетпе-бет келген тұста қарсы тұра алатындай күш-қайрат, қолдау беруіміз қажет.

         Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақтың бірден бір бастауы. Сол себептенде, болашағымыз баянды болсын десек, сыбайласқан жемқорлықпен бірігіп, білек сыбана күресейік!

Қазақстан Республикасы Әскери соты Әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің бас маманы  А.Танатов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.