Заң және адам

Заң және адам

 

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамды заңмен басқару үшін нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады. Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекеттік басқарудың формалары анықталады. Азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Сонымен Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды. Бұл заң өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өз миссиясын атқарып, ел тарихында қалды.

1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп таниды. Мұның мәні: мемлекет халықтың бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының жетекші маманы А.Есен.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Jackie 23 июля 2024 14:35

    гадание кто на меня делает магию гороскоп онлайн построить натальную карту ведьмин знак на руке фото, ведьмин глаз на руке что означает
    образец молитвы за церковь к чему снится хлеб для женщины

    Take a look at my homepage таро
    78 дверей значение карты звезда

  2. аватар
    Roosevelt 18 августа 2024 18:43

    найти работу в можайске и можайском районе операционная медсестра
    краснодар промоутер березники вакансии администрация орджоникидзевского
    района уфы вакансии
    швея гродно вакансии на сегодня
    работа декорация вакансии барнаул

  3. аватар
    Janice 18 сентября 2024 03:45

    қр қк 188 бабы 3 бөлігі, 188 бап азаматтық кодекс қылилық емі, қыли деп нені шақырады
    бұұ канша мемлекет бар, бұұ құрылуы купить права усть-каменогорск, сдача экзамена на права усть-каменогорск

    Also visit my website; русская литература 11 класс емн

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.