Сот хабарламалар және сот мәжілісінің хаттамасын толтыру

Сот хабарламалар және сот мәжілісінің хаттамасын толтыру

Қазіргі уақытта барлық сот процестері онлайын түрде өтетіндіктен сот хабарламаларын уақытылы жіберілуі үлкен рөл атқарады. Сот істерін қарауға  дейін рәсімдеу және сотқа қатысушылардың келуін қамтамасыз ету, хабарлау мен шақырулар сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап немесе сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Қазіргі танда сот хабарламалары іске қатысушы тараптар көрсеткен ұялы байланыс абоненттік нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электрондық сервистерінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына, гибридті жөнелту арқылы тұрғылықты жері бойынша жіберіледі. Электрондық нысанда электрондық хабарландырулар мен шақыртулар іске қатысушы тұлғаларға, сондай-ақ куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға жіберілуі мүмкін. Соттың шақыру кағазында сот отырысының өтетін уақыты (сағаты, күні) мен орны көрсетіледі.
         Қорғаушылар мен прокурорға жазбаша түрде хабарланады. Басты сот талқылауын тағайындау сатысында соттың сотталушыға қорғаушыны қамтамасыз етуі туралы мәселе шешілетін кезде сот отырысының хатшысы облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаушылар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне сот актісінің көшірмесін жібереді. Үй қамауындағы (ҚПК 146-бабы) немесе күзетпен ұстау (ҚПК 147-бабы) сотталушыға қатысты сот үй қамауында ұсталатын адамға қадағалауды жүргізіп отырған органға немесе лауазымды тұлғаға, ал қамауға алынған адамға қатысты тергеу изоляторына сотталушыны сот отырысына жеткізу туралы талап жібереді.Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін аудандық сот қамау орнының немесе тергеу изоляторының әкімшілігіне сотталушыны сот отырысына жеткізу туралы талабын жібереді. Талапта сотталушының тегі, аты, әкесінің аты және туылған  жылы, Қылмыстық кодексінің ол сотқа  берілген бабы,  сотталушыны жеткізу  уақыты (күні мен  сағаты) көрсетіледі. Талаптарға судья қол қояды және ол аудандық соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылады.
         Электрондық пошта мекен-жайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, хабарлама телефонограммамен немесе гибридті жөнелту арқылы немесе табыс етілгендігі туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберіледі.
         Егер сотқа хабарланған мекен-жай бойынша тұлға іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
         Шетелде тұратын және Қазақстанның немесе шетел ұйымдарында
жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының атына жазылған сотқа шақыру қағаздары және басқа да құжаттар, халықаралық шарттар нормаларына немесе осы мәселелерді реттейтін заңнамаға сәйкес оларды шетелге жіберген ұйымдар арқылы жіберіледі.
         Сот отырысының хаттамасы сот отырысындағы барлық жүзеге асырылған процессуалдық әрекеттер көрсетілген іс жүргізу құжаты болып саналады. Сот хаттамасын жүргізу соттардың қарастырған азаматтық және қылмыстық істерінде міндетті түрде болуы керек. Хаттамада жазылған мәліметтер негізінде сот шешімінің сот талқысында анықталған деректерге сәйкестігін тексеруге болады; іске тараптар жағыннан кімнің қатысқаның, сот отырысының басталған және аяқталу уақыты, тараптар жағынан қандай өтініштер болғанын анықтауға болады. Хаттама сот мәжілісінің өзінде немесе сот мәжілісінен тыс жеке процессуалдық әрекет негізінде хатшымен дайындалады.
            Сотқа келіп түскен азаматтық немесе қылмыстық іс қаралғаннан кейін немесе ол басқа уақытқа қалдырылғаннан кейін сот отырысының хатшысы келесідей әрекеттер жасалынады:
         - азаматтық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін сот талқылауының хаттамасын үш жұмыс күннен кешіктірмей, ал жеке процессуалдық әрекет туралы хаттаманы ‑ ол күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындайды;
         - қылмыстық істер бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін хаттаманы бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша хаттаманы он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс.  

Ақмола гарнизоны Әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы А.Ахмедиева.


 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.