Медиация-тараптарды татуластыру құралы.
Татуластырушы судьяның басты міндеті – қос тараптың ақылға қонымды және өзара тиімді шешімге келуіне көмектесуге негізделген. Мұндай институт сот рәсімдеріне жұмсалатын шығындарды азайтып, соттардың жүктемесін төмендетеді, сондай-ақ азаматтардың уақытын оңтайлы пайдалануға ықпал етеді.
Осыдан көріп тұрғанымыздай татуластыру тетіктері, дауларды медиациямен бітіру мүмкіндіктері жыл өткен сайын жаңғыртылып, кеңейіп келеді. Мұның өзі азаматтардың әуре-сарсаңын азайтып, құқықтық мәселелерін оңтайлы шешуге деген шынайы жанашырлықтан туған әрекет.
Медицияның маңыздылығына тоқталып өтсек: тараптардың өз уақыттары мен қаржыларының үнемделуінде, қатысушы азаматтардың арасындағы мейірімді қатынастардың сақталып қалуы, құпиялықтың сақталуы, медиаторларды өз еркімен таңдау құқығының болуы мен мемлекеттік баж салығы төленбейтін экономикалық тұрғыдан тиімділігінде және адвокаттың қымбат тұратын қызметін қажет етпейтіндігінде дер едік.
Сондай-ақ медиация – еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығымен ерекшеленеді. Медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық қағидаттар негізінде жүргізілуі де тараптар үшін тиімді.
Сот процестері арызданушы екі тараптың бірнеше ай уақытын алса, медиация процесі таласты тараптарды бірнеше сағат ішінде татуластырып, шешім шығарады.
Бұл – уақыт үнемдейді. Сотқа емес, медиаторлық көмекке жүгінген азаматтардың қаржылық шығыны азаяды. Құқық қорғаушы жалдаудың, көптеген сараптамалар жасаудың қажеті болмай қалады. Бұл да қаржы үнемі.
Ең бастысы, медиация кезінде соттағы сияқты екі тараптың бірі жеңіліп, бірі жеңбей, екі жақтың да көңілінен шығатын ортақ шешім шығарады. Бұл азаматтардың медиацияға деген оң көзқарасы, оң ортақ шешімге келуге дайын екендіктерінен, құқықтық мәдениеттің дамып келе жатқандығынан хабар береді.
Жалпы Медиация барысында тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе даудан (дау-шардан) бас тартуға құқылы.
Тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын, заңда көзделген де, заңда көзделмеген де өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда тараптар еркін болады.
Медиаияның негізгі қағидаттары: сыпайылық, құпия сақтай білу, өзара сыйласушылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың әділдігі, рәсімнің ашықтығы екенін атап өткен жөн.
Сондықтан еліміздегі медиация қызметінің алдағы уақытта да қолданыс аясы кеңи беретініне сенім мол!
К.О.Алдымжарова
БҚО МАЭС-ның жетекші маманы
[xfvalue_img]
22 пікір