Әлеуметтік кодекс

Әлеуметтік кодекс

2020 жылғы қыркүйектегі екінші жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырды. Қазақстан үшін бұл – жаңа құжат және оны әзірлеу үшін әлеуметтік саланы реттейтін барлық заңды біріктіру қажет. Қазір ондай заңдар саны 17-ден кем емес (жәрдемақы,атаулы көмек,міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы туралы және т.б.)

Жаңа кодекстің басты міндеті – мемлекеттен  кім, қандай жағдайда және нендей көмек ала алатынын нақты бекіту.

Жаңа кодекстің пайдасы:

Біріншіден,Кодексте қазіргі барлық қолдау шарасы қайта қаралады және толықтырылады деп болжануда. Былайша айтқанда, әлеуметтік саладағы барлық заңнамаға ревизия жүргізіледі. Саланы ретке келтіру мәселесі пісіп-жетілді. Көптеген шешім асығыс қабылданды. Бұл – 2019 жылы азаматтарға жәрдемақы төлеу тетіктерінің екі рет түбегейлі қайта қаралуына түрткі болды. ҚР Еңбек министрлігі өкілдерінің ескертулеріне қарағанда, әлі де қайта қаралады. Екіншіден, әрине,ақпаратты іздеу жеңілдейді. Бұл-өте маңызды. Алайда,Кодексті жасау кезінде келесінәрселерді ескерген жөн. Кодекстің ерекшелігін ескере отырып, оны ұсыну стилін пысықтау маңызды. Бұл бір құжатқа жинақталған заңдар ғана емес, түсінікті баяндалған, жаңа әлеуметтік стандарттарды енгізудіңойға қонымды түрі болуы тиіс.Қыркүйек айында Ресейдің Жоғары Эконоимка мектебі РФ заңдарының күрделілігіне зерттеу-талдау жариялады. Онда авторлар РФ-ның заңнамасы 1991 жылдан бастап 30 пайызға күрделене түскенін анықтады. Ал бүкіл әлемде заң мәтіндерін жеңілдету және нақтылау жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 2010 жылдан бастап жазбаша форманы жеңілдету туралы заң немесе Plain Writing Act қолданылады. Заң қабылдауға қиын және түсініксіз болып көрінген кезде, азаматтардың көпшілігіоданалыстап, өз ережелері бойынша өмір сүреді. Кодекс көлемді құжатқа айналатыны анық және қабылданғанға дейін оның әр бағыты мұқият зерттеуді қажет етеді. Көп адам дағдарыстан экономикалық қиындықтарға тап болғанда әлеуметтік қолдаудың қоғамда қосымша қақтығыстар тудырмайтын икемді моделі қажет.  Сол себепті кодекс іс жүзінде өмір сапасының жаңа стандартына айналуы керек.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының жетекші маманы А.Есен

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.