Сот судьялары мен мамандары әйелдер арасындағы жарыста жүлделі болды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Атоян» атындағы стадионда өткен әйелдер арасындағы біріншілікке мемлекеттік қызметтегі және БҚО Іскер әйелдер кеңесі, сондай-ақ Орал қаласының №2 сотының және БҚО МАЭС-тың судьялары мен мамандары қатысты.
Жарыс спорттың берпи, шахмат, жеңіл атлетика, эстафета және волейбол тәрізді бес түрінен өтті.
Іс-шараны өткізу көпшілік жарысты өткізу орталығының білікті қазыларымен қамтамасыз етілді.
Біріншілік қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Жеңіл атлетикадан (жас ерекшелігі 41-ден жоғары) бірінші орын, сондай-ақ берпиден (41+) жүлделі бірінші орынды Орал қаласының №2 сотының бас маманы Мэри Габдшакирова иеленді. Берпиден (41+) үшінші орын бас маман Жазира Самарханға бұйырды. Эстафеталық жарысқа қатысқан Орал қаласының №2 мамандары Олеся Ташимова мен Жасмин Құсайынова, сондай-ақ БҚО МАЭС мамандары жүлделі үшінші орынды иеленді.
Орал қаласының №2 соты
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]