Тұтынушы құқығын қорғау

Тұтынушы құқығын қорғау

 

Нарық кезеңінде тауарды сатушыға қайтарып беру немесе ауыстырып алу мәселелері өз маңыздылығын жоймай келеді. Қарапайым тұтынушының құқығына нұқсан келтіретін жайттар да аз емес. Саудагерлер «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» заңды елеместен, себепсіз  тиісті ақшаны қайтаруға асықпайды. «Тауар қайтарылмайды немесе ауыстырылмайды» деген хабарламаларды сауда нүктелерінен жиі көруге болады. Ал бұл хабарламаның қаншалықты заңды, не заңсыз екенін тұтынушылардың барлығы бірдей біле бермейді.

2020 жылдың 06 шілдесінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы өз күшіне енді.
Аталған нормативті құқықтық актімен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы толықтырылып,  тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа тәсілдері қарастырылған, оның ішінде сапасыз тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шағымдарды тексерудің үш сатылы механизмі енгізілді.
Бірінші сатыда – шағымды сатушының қарауы немесе сотқа дейінгі дауды шешудің нысандарының қызметтеріне жүгіну.
Екінші сатыда – тұтынушыны сатушымен берілген жауап қанағаттандырмаған жағдайда шағым уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган болып – Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша комитет пен оның аймақтық бөлімшелері бекітілген.
Үшінші саты – жоғарғы екі сатымен дау реттелмеген жағдайда ғана сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. Осылайша, тұтынушы өз құқығын қорғау мақсатында сотқа талап арызбен жүгінер алдында дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтауы қажет екенін есте сақтау қажет. Ал алғашқы екі сатыны сақтамай бірден сотқа жүгінер болса, талап арыз кері қайтарылатынын ескерген жөн.

Мәселен, үстіміздегі жылы Орал қаласының №2 сотына келіп түскен талап арыз саны – 50, оның қаралғаны – 20, медиация тәртібімен тоқтатылғаны – 7, ал сотқа дейінгі тәртібі сақталмай кері қайтарылғандар саны – 18 болып отыр.

Сотқа келіп түскен істер бойынша мысал келтірсек, қала тұрғыны сотқа фотоқондырғы жасау үшін төленген соманы өндіріп алу және моралдық зиянды өтеу туралы талап арызбен жүгінеді. Мұндай талап қоюға арыз берушінің Instagram-дағы жарнаманы көріп, жоғарыда көрсетілген қызмет үшін жауапкерге жүгінгендігінде және тараптар іс-шараға бір күн қалғанда фотоқондырғы орнататуға келіскендігі себеп болды. ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау заңының 7 бабына сәйкес, тұтынушы тауарларды сатып алу бойынша келісімшарттарды еркін жасасуға, тауарлардың ақауларына байланысты олардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық өтеуге, моральдық зиянды өтеуге, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауға құқылы. Осы Заңның 1, 4, 6-тармақтарына сәйкес, егер басқа жағдай болмаса, орындаушы жұмысты орындау туралы шартта белгіленген мерзімде жұмысты орындауға міндетті. Ал егер орындаушы жұмыстың шарттарын бұзса, онда тұтынушы келісімшарттан бас тартып, залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Мысалға оралар болсақ, талапкер жауапкердің төлем картасына аудару арқылы 30 800 теңге көлемінде толық төлем жасаған. Алайда, көрсетілген уақытқа дейін, жауапкер өзінің міндеттемелерін орындамаған және ақшаны қайтармаған. Ақшаны қайтару туралы бірнеше рет жасалған өтініштер нәтиже бермей, осыдан кейін ол сотқа жүгінуге мәжбүр болады.

Сотта азаматтық істі қарау кезінде тараптар өтемақы төлеу бойынша қызметтер көрсету туралы келісім жасасқаны анықталады, оған сәйкес жауапкер тапсырысты орындап, оның жасалуын қамтамасыз етуге міндеттенген. Шарт талаптарын сақтамау жауапкердің кінәсінен болғаны анықталады.

Осыған байланысты, сот талап қоюшыға 30 800 теңге көлеміндегі қызметтер үшін соманы, сондай-ақ 10 000 теңге көлеміндегі моральдық зиянды өтеуді және мемлекеттік бажды қайтару туралы шешім шығара отырып, талапты қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енді.

Тағы бір іс бойынша шығарылған шешімге сәйкес, талап қоюшы «S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты алып-сату келісім шартын бұзу, ақша қаражатын қайтару және моралдық зиянды өндіру талабымен жүгінеді.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы жауапкерден құны 129 550 теңге тұратын RedmiNote смартфонын сатып алады, алайда үшінші күні оның динамикасында бұзылу ақаулары байқалады.  Осы себеппен смартфон дүкенге кері тапсырылған. Жүргізілген сараптама актісіне сәйкес, тауардың расымен де есту динамигінің жұмыс істемейтіндігі және оны ауыстырғандығы көрсетіледі. Кейін тауар талапкерге қайтарылғанда, смартфонның артында үш жерден бұрағыштың іздері қалғандарын, сонымен қатар түсінің басқа түске алмастырғанын анықтап, тауарды қайта дүкеншіге кері тапсырып, басқа смартфонға ауыстыруды талап еткенімен, екіншісі бұл талапты орындаудан бас тартады. Сот отырысы барысында үшінші тұлға ретінде «Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі тартылады және талап қоюшының департаментке аталған мәселемен жүгінген, сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталған. Осылайша сот шешімімен талапкер мен жауапкер арасындағы жасақталған алып-сату келісімшарты бұзылып, талапкер пайдасына 129 550 теңге сомасы, 20 000 теңге моральдық залал және 2 754 теңге мемлекеттік баж өндірілді. Тұтынушы құқығы қорғалды.

Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 сотының бас маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.