Кіріс кеңсесінің жұмысы

Кіріс кеңсесінің жұмысы

     Сот төрелігін жүзеге асырудың және сот өндірісінің барынша ашықтығына қол жеткізудің ең тиімді бағытының бірі - ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Еліміздің барлық соттары «Төрелік» АЖ-де іс жүргізуді бекітілген бірыңғай істер номенклатурасы негізінде жүргізеді. 

«Төрелік» ақпараттық жүйесінде кіріс құжаттарын қабылдау, тіркеу және өңдеу, бөлуге тоқтала кетсек. Сот кеңсесіне кіріс құжаттар қолма-қол қабылданады немесе «Сот кабинеті» электрондық сервисі, ҚР мемлекеттік органдары ЭҚАБЖ және республика соттары арасында «Төрелік» АЖ арқылы электронды түрде сот кеңсесіне құжаттар, арыздар, талап арыздар немесе хаттар жолданады.

Кіріс кеңсесі әрбір келіп түсетін кіріс құжаттарын ең алдымен АПК-нің талаптарына сай келуін тексереді, яғни талапқа сай келмейтін қіріс құжаттар кемшіліктерін жою үшін қайтарылады. Кіріс құжаттарының заң талаптарына сай рәсімделуі маңызды рөл атқарады, соның ішінде талап-арыздардың АПК-нің 148-нің бабының талаптарын сақтап рәсімделуіне кіріс құжатты қабылдау кезінде кеңсе мамандары басты көңіл аударады. Себебі заң талаптарына сай рәсімделмеген талап арыздар қабылданса кейін соттың ұйғарымымен кері қайтарылады.

 Кіріс кеңсесіне келіп түскен әрбір құжат істер номенклатурасына сәйкес тиісті жуналына тіркеледі және орындаушыға «Төрелік» бағдарламасы арқылы жолданады. Қолма-қол келіп түскен әрбір құжат электронды нысанда жүйеге енгізіледі. Кеңсеге келіп түскен талап арыздар «3-1» журналына тіркеледі, талап арызды тіркеу кезінде реквизиттері, яғни кім талап арызды беріп отыр: жеке тұлға болса ЖСН нөмірі, ал заңды тұлғалардың БСН нөмірін теру арқылы автоматты түрде барлық ақпарат жүйеден алынады. Сонымен қатар баж төлемі төленсе ол туралы ақпарат жеке бөлімде жүйеге енгізіледі. «Төрелік» АЖ-нің ерекшелігі баж төлемі туралы ақпаратты ЖСН немесе БСН нөмірлері арқылы жүйеден (ПШЭП) автоматты түрде тауып алуға болады немесе кеңсе маманы деректерді түбіртекке сай толтырады. Талап арыздың тіркелгендігі туралы талап арыз беруші тарапқа талон беріледі немесе ұялы телефонына сәйкесінше істің нөмірімен тіркелген күні көрсетіле отырып хабарлама жолданады.

Тіркелген талап арыздың әрі қарай деректемелері толтырылып әрбір істің санаты бойынша «Төрелік» АЖ-де автоматты түрде судьяларға бөлінеді.

 Істі өз өндірісіне қабылдаған соң судья іс бойынша шығарған әрбір сот актісін «Төрелік» АЖ-не енгізеді, ал тараптар «Сот кабинеті» сервисі арқылы осы сот актілерімен үйлерінде отырып-ақ таныса алады.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің және сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. 

 Мажитова А.К.

БҚО МАЭС сотының бас маманы                                                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.