Азаматтық істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Сот ісін жүргізуінде оның әртүрлі тәсілдері қолданылады. Егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша; талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Талап қоюшы талап арызын тапсырады, егер аталмыш талаптарға сәйкес келсе, талап арыз оңайлатылған тәртібімен сот ісін жүргізуіне қабылданады. Әрі қарай сот тараптарға істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы ескертеді.

Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға қарсы болған тарап, ескертуді алған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде дауды талап қою қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхатпен, ал жауапкер құжаттар мен дәлелдемелерін қоса тіркеп, талап арызға қарсы пікірімен сотқа жүгінуге құқылы. Егер жауапкерден қарсы пікірі түспеген жағдайда сот істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электронды нұсқада, тараптарды сотқа шақырмай-ақ қарайды. Сот тараптардың келтірген құжаттарын, түсініктерін, қарсы пікірлерін және (немесе) уәждерін зерделеп, шешім қабылдайды.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша сот кіріспе және қарар бөлігінен тұратын шешім шығарады. Жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.

Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі.

Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша өндіріс тоқтатылуы, қараусыз қалдырылуы мүмкін. Көп жағдайда жауапкерлер оңайлатылған тәртібімен шығарылған шешіммен келіседі. 

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Кашкинбекова Салтанат

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.