Көліктегі қылмыстарды саралау бойынша сот тәжірибесі

Көліктегі қылмыстарды саралау бойынша сот тәжірибесі

Еліміз тәуелсіздік алып, құқықтық мемлекет болуға бел буған заманда әрбір адам құқығы бағаланып дұрыс саралануға жатады. Деректерге сәйкес жылына әлем бойынша шамамен 1 миллионнан астам адам жол – көлік оқиғасынан көз жұмады екен. Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры жанындағы арнайы есеп және құқықтық статистика Комитетінің деректеріне сүйенсек, 2019 жылы 24 585 қазақстандық жол-көлік оқиғасынан зардап шексе, заң қатаңдатылған соң, 2020 жылы шамамен 13 515  адам жол көлік оқиғасынан жапа шеккен яғни 19,5 % ға азайған. Заңға тоқтатала кетсек, көліктегі қылмыстар қазіргі қылмыстық кодексте 18 бапты құрайды, атап айтқанда қылмыстық заңның көліктегі қылмыстарға арналған тарауы он төртінші тарауды, яғни 344 баптан 360 бапты қоса алғанда, көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтарды құрайды.

Көліктегі қылмыстардың ішінде республика бойынша соңғы үш жылда қозғалыссыз тұрған баптар да бар. Қоғамға таныс және сот практикасында үнемі қолданыста жүрген баптар келесідей 4-5 бап қана толық жұмыс жасап тұрғанын көреміз. Атап айтар болсақ, ҚР ҚК-нің 345 бабы (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидадаларын бұзуы) 345-1 бап алкогольдік есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, 346 бап –көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмаларлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру, 347 бап-жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу қылмыстары. Қоғамда көлік саны көбейген сайын жол- көлік оқиғасы болмай тұрмайтыны анық.

Оған қоса, жолдардың тегістігінен және жүргізушінің көлікті басқаруда жылдамдықты шектен тыс арттыруынан, масаң күйінде көлік басқарудан жол–көлік оқиғаларына себепті байланыс орын алып келетіні ақиқат.

27.12.2019 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 292 санды Қазақстан Республикасы Заңыымен енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес ҚК-тің 345 бабынан бөлініп, ҚК-тің 345-1 бабы бөлек бап ретінде танылып, бұрынғы теріс-қылық болып келген ҚК-тің 346 бабы қылмысқа айналдырылды.

ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігі көлік жүргізу қағидаларын бұзып, адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірсе теріс-қылық ретінде қалдырылып, дәл сол әрекетті масаң күйде жасаса онша ауыр емес қылмыс санаты  ретінде сараланып, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу жазасы көзделген. ҚК-нің 346 бабы орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына ауыстырылды. Бұл соңғы өзгерістер әрине заман талабы және көліктегі қылмыстардың дамыған елдер тәжірибесіне сәйкестендірілуінен туындағаны сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттіміздің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары  екенін ескерсек, жол-көлік оқиғасы бойынша көліктегі қылмыстарға жазаның қатаңдауы  заман талабын екенін көре аламыз.

Қаншама адам жол көлік оқиғасынан жылма-жыл көз жұмып, орны толмас қазаға ұшыраса, қаншама адам қалпына келмес ауыр дене жарақатын алады, қаншама адамның денсаулығында салдар қалады. Осыны ескерсек, аталған заңның қатаң жазаға лайық болуы дұрыс десекте, соңғы кезде қоғамның және теоретиктер мен тәжірибеде қолданудың қарама-қайшы пікірін тудырып жүрген сауалдар аз емес.

Атап айтар болсақ, ҚК-нің 345-1 бөлігімен әрекеті дәрежеленген адамның жасаған қылмысының субьективтік жағы абайсызда жасалған деп танылып, оның тәжірибеге енгізілуінде. Жалпы бұл баптың қатаңдатылуы негізгі баптан бөлініп шығарылуы тектен тек емес екені белгілі. Ал өз еркімен алкоголдік, уытқұмарлық, не есірткімен мастанған күйінде көлік басқарып, жазықсыз бір немесе екіден жоғары адамның өмірін қиған болса оның әрекетіндегі ниеті абайсызда жасалған қылмыстарға жатқызылып, ол қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде ұстауға жолданкға жатады. Жаңа түсіндірме қазіргі кезде қолданысқа енгізілгенмен, осы баптың жасалау ниеті қылмыстың субьективтік жағы әртүрлі талқыға түскендіктен, сот тәжірибесінде сотталғанның жағдайын ауырлатпай абайсызда жасалған қылмыс санатына жатқызып келеді. Көліктегі қылмыстар бланкеттік қылмыстар қатарына жатқызылып, белгілі бір қағиданың бұзылуының орын алуынан себептік салдар орын алуы қажеттігі айқын. Алайда, заң талабының қатаңданғанымен, жаза өтеуге келгенде оның ниетіне баға нақты берілу қажет. Көрші Ресей қылмыстық заңдарындағы жаза мен аталған қылмыстың субъективтік жағына назар аударсақ, мас күйінде көлік басқарып, ададм өмірін қию ниеті қасақана түрде жасалған қылмыс санатына жатқызылған.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» -, заңның талабына бағыну әрбір құқықты сақтаушы азаматтың парызы.

Жоғарғы қауіптілік көзінен болған апат ретінде бағалағанмен, көлік басқарушының өз еркімен саналы түрде алкоголдік, уытқұмарлық, не есірткімен мастанған күйінде көлік басқаруға отырған жымысқы ниетіне баға берілу қажет екенін естен шығармайық.  

Элеонора Атчибаева 

Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы                                                             

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.