ҚР әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру

ҚР әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру

Әскери қызметшілердің барлық санаттары әскери қызмет міндеттерін орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай үлес ақшалай қамтылымды (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да үстемеақыларды қамтиды.

Әскери қызметшілерге жарылыс қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді.

Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша, :

1) жауынгерлік кезекшілік атқару;

2) қарауылда қызмет атқару;

3) тәуліктік наряд атқару;

4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысу);

5) орналасқан орындарында дауылды дайындық кезінде іс-шараларды жүзеге асыру;

6) маяктарда вахта атқару;

7) су асты міндеттерін (жұмыстарын) орындау);

8) парашютпен секірулер жасау;

9) әскери эшелон, қарауыл құрамында әскери жүкті күзету және алып жүру бойынша қабылдау орнына бару және кері қайту жолында;

10) әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық емделуде болған жағдайларда тоқтатылады);

11) гауптвахтада ұстау;

12) бітімгершілік операцияға қатысқан, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізілетін аймаққа (ауданға) барған кезде және кері қайтқанда жүзеге асырылады.

Ұшу құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақпен қамтамасыз етіледі.

Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілердің қызметі бойынша ауысқан, әскери қызметтен шығарылған кезде, стационарлық емделуге барған және кері қайтқан кезде мемлекет есебінен теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен жол жүруге, сондай-ақ қызметі бойынша ауысқан және әскери қызметтен шығарылған кезде он тоннаға дейін жеке мүлікті тасымалдауға құқығы бар.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жол жүруге және пошта жөнелтілімдеріне арналған басқа да шығындар өтеледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықта бір елді мекеннен басқасына көшумен байланысты (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) қызметтік ауысқан кезде оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшкен әрбір отбасы мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. 

Қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман – сот мәжілісі хатшысының м.а. – Ожаева Салтанат Мұхтарқызы

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.