Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік жағымсыз құбылыс
Қазіргі құқықтық әдебиетте кеңінен қолданылатын коррепция ұғымы терең тарихи тамырларға ие. Мысалға, ежелгі Грецияда «corrumpere» терминінің әлеуметтік мәні болған-ды. Ол тұрақтылықтың және тәртіптің бұзылуы. Шамамен, осы уақытта, сыбайлас жемқорлық ұғымы парақорлықтың мағынасын алады. Терминнің пайда болуын неғұрлым егжей-тегжейлі талдап отырсақ, бастапқыда әлеуметтік мағынада ол сыбайлас жемқорлық екі серіктесті білдіретінін көрсеткен, мыс.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның және ондағы қатынастардың өнімі болып табылады, әртүрлі салалардағы басқару функцияларын оқшалау лауазымды тұлғаның ресурстарды басқару, сол қоғамның қызығушылығына емес, өзімшілдік мотивтеріне сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын ұғым.
Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы ұғымы орталықтандырылған мемлекеттер мен қолданыстағы құқықтық жүйелер құрылғаннан бастап жаңа уақыт аралығында қалыптаса бастайды. Негізінде, жемқорлық бір дерт сияқты. Басында дерттің себептерін тану қиын, бірақ емдеу оңай. Егер асқындырып алсаң, тану оңай, емдеу қиынға соғады.
Жемқорлық атауы бар дерттің емін де табу оңай. Егер мемлекеттік бағдарламада іске асырылатын мақсаттар мен міндеттер толықтай іске асырылса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оның құқықтық тетіктерін одан әрі жетілдіре отырып, тиімді бола түседі.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы А.Ногербекова
[xfvalue_img]