ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫН
Қоғам үшін ең бастысы- тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі- заңдылық,Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамыздағы ең басты құндылық- адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтын қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық- зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар- жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған.Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «ҚР Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. Елімізде зорлық- зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға арналған зорлық- зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды.Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл сайын 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық- зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі- жанұядағы зорлық- зомбылық.
Сол себепті, ең басты балалар құқығын қорғау- егемен еліміздің басты құндылықтардың бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу- бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндетті.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандардырылған
ауданаралық сотының жетекші маманы Н.Мажитова
[xfvalue_img]
21 пікір