Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы
Атқарушылық іс жүргізу дегеніміз – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке соторындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тікелей уәкілеттік берілген тұлғалардан басқа, ешкім де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған соммадан:
- Атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар;
- Орындау жөніндегі шығыстар төленеді;
- Қалған сомма өндіріп алушыны;
- Әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар бойынша талаптарын қанағаттандырады.
Барлық талаптар қанағатдырылғаннан кейін қалған сомма борышкерге қайтарылады. Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыларға тиіс соммаларды сот орындаушысы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есептейді, содан кейін олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі немесе аударылады.
Өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігі:
Бірінші кезекте:
- Алименттерді өндіріп алу бойынша талаптар;
- Жарақат алудан немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай ақ асыраушысының қайтыс болуыына байланысты келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптар;
- Қызметкерлердің еңбектегі құқық қатынастарынан туындайтын талаптары қанағаттандырылады.
Екінші кезекте:
- Патенттер берілген шығармаларды, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар,
- Азаматтардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен өздерінің мүлкіне келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.
Үшінші кезекте:
- Сыйақыны, орындау мерзімін өткізіп алудан келтірілген залалды өтеуді, тұрақсыздық айыбын, кепілге қойылған мүлікті ұстау бойынша қажетті шығындарды;
- Кредиторлардың кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қанағаттандырылады.
Төртінші кезекте:
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша талаптар;
- Заңды тұлғалардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.
Бесінші кезекте қалған талаптардың бәрі қанағаттандырылады.
Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға:
- Борышкердің мүлкін анықтауға, қарауға, бағалауға;
- Борышкер мүлкіне тізімдеме жасауды және тыйым салуды ұйымдастыру мен өткізуге, мұндай мүлікті тасымалдау мен сақтауға;
- Тыйым салынған мүлікті өткізуді ұйымдастыруға;
- Белгіленген тәртіппен атқарушылық әрекеттер жасауға тартылған аудармашыларға, мамандарға және басқа да адамдарға ақы төлеуге;
- Өндіріп алынған соммаларды өндіріп алушыға почта арқылы аударуға (жіберуге)
- Өндіріп алынған сомманы қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығыстарына;
- Борыншкерге іздеу салуға:
- Өндіріп алушының аванстық жарнасына;
- Атқарушылық әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысының қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынастағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүруіне, оның ішінде жеке сот орындаушысының іс сапар шығыстарын төлеуге;
- Атқарушылық құжатты орындау процесіндегі басқа да қажетті әрекеттерге;
- Сот орындаушысы орындау процесіне тартқан адамдардың өзге де сыйақыларына жұмсалған қаражаттар жатады.
Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат тоық орындалғаннан кейін борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызы мөлшерінде немесе мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады. Атқарушылық санкциясы республикалық бюджетке аударылады.
Бас маман
М. Аккузова
[xfvalue_img]
29 пікір