Карантиндік шаралар кезінде де құқық бұзушылық азаймауда

Карантиндік шаралар кезінде де құқық бұзушылық азаймауда

Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Президентінің елімізде жаңа СОVІD-19 коронавирусының пандемиялық сипат алуына орай төтенше жағдай жариялауына байланысты Жоғарғы Сотта да бірқатар шаралар қабылданғаны белгілі.

Өткен жылдың 10 мамыр күні өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент Қ.Тоқаев қашықтықтан жұмыс істеу форматының сәтті іске асуы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде ІТ-технологияларды қолданудың тиімділігін атап көрсеткен болатын.

«Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында төтенше жағдай кезінде де, қазіргі карантиндік шаралар кезінде де пандемияның таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігі үшін соттарда сот отырысын қашықтықтан «онлайн» қатысу мүмкіндігі толыққанды жұмыс істеуде.

TrueConf және WhatsApp мобильді қосымшаларды қолдану арқылы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қаралуда.

Карантин режимі енгізілгенімен тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуді тоқтатқан емес.

Карантин режимі кезінде әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында құқықбұзушылықтар азаймай отыр. Соған байланысты облыстық сот төрағасының бастамасымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атауымен жұмыс топтары құрылып, оған жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен билер институтының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмау үшін жұмылдырылып, жұмыстануда.

Биылғы жылдың І тоқсаны бойынша 4 қылмыстық, 22 азаматтық және 42 әкімшілік іс қашықтықтан қаралды. Жоғарыда көрсеткен азаматтық істердің 7-і неке бұзу туралы болса, соның 2-і медиациялық келісімге келді.

Қаралған әкімшілік істердің 10-ы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты болса, 9-ы өзара медиациялық келісімге келу арқылы өз шешімін тапты.

Елімізде бұрын болмаған карантин шаралары болып жатқан мезгілде де ішімдік ішіп, көліктің тізгінін қолына алатындар да табылып жатады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, былтырғы жылдың осы кезеңінде 3 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралса, биылғы жылдың үш айында 6 азамат ащы судың буымен көлік басқарған.

Қазіргі кезде бұндай жауапсыздарға деген жаза да қатайғаны белгілі. Өз кезегінде олардың әрбірі жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырыла отырып, 15 тәуліктен әкімшілік қамаққа алынды.

Жасалып жатқан жұмыстардың барлығы да бұрын өткен төтенше жағдай кезінде де, қазіргі уақыттағы карантин шаралары кезінде де сот саласындағы және сотқа қатысатын адамдарды толыққанды әрі қауіпсіз түрде қорғау үшін қолданылып жатқан шаралар.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы да бірнеше жыл бойы құрылып, іске асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесі болып табылады. 

Тамара Сәлімжанқызы Гумарова 

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы                                     

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.