Мемлекеттік  тілдің  ахуалы жақсарған

Мемлекеттік тілдің ахуалы жақсарған

          Қашанда  өз тілін, дәстүрін  білмейтін  халықтың  ғана тарих сахнасында жоғалып  кетпей аман қалатынын уақыт  дәлелдеп келеді. Біздің  ұлтымызда ана тілінің-мемлекеттік тіл ретінде болашағы  зор. Бүгінгі  күнде  тіл мәселесі  аз айтылып  жүрген  жоқ. Ол тек  рухани  байлық көзі  ғана емес, тұтас бір  халықтың бет-бейнесі екені анық. Соңғы  екі-үш жылда  мемлекеттік  тілдің  ахуалы жақсарғанын  байқау  қиын  емес. Әсіресе , хат –хабарлар  алмасуда  біз мемлекеттік тілдің  үлесінің  артып  келе  жатқанын  анық айта  аламыз. 2021 жылы Қазақстан    Республикасының   тәуелсіздік  алғанына  30 жыл толады. Тарихи өлшеммен  алғанда  бұл мерзімде атқарылған  істер   тұрғысынан  алғанда  оны  ғасырға  бар  деуге  болады.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ассамблеяның  17 сессиясында  сөйлеген сөзінде: «Басым бағыттардың  бірі  мемлекеттік  тілді күшейтудің  басты  жолы-еліміздегі  этнос өкілдерінің  қазақ тілін меңгеру» -деп атап  айтты. Қазақ тілін  білу  құр ұран   түрінде  емес, ол барша  қазақстандықтарды біріктіруші  күшке  айналуы  тиіс. Мемлекеттік  тілді  бірінші кезекте,  мемлекеттік  мекемелерде   жұмыс істейтін   азаматтардың   білуі заман  талабы. Барлығы  бірдей  жетік  біліп  кетпесе де талпыныстың  бар  екені жұмыс барысында  байқап  жүрміз. Тәуелсіз елдің  еркін өмір сүріп, дербес дамуының  іргетасы  болатын, сайып келгенде  оның  іргерілеу  ерекшеліктерін  ескере  отырып, қоғамдық қатынастарды  реттейтін   төл заңнамасы болатыны  белгілі. ҚР да төл  Конституциямыздан  бастап, жүздеген заңдар  жазылып,  қолданысқа  енгізілді. Алайда  бүгінгі  күні біздің  елімізде  заңдар  мемлекеттік  тілмен  тең  саналатын  тілде, Негізгі  Заңымыздың  7-бабында   жазылғандай,  мемлекеттік   ұйымдарда   және  жергілікті  өзін- өзі   басқару  органдарында  ресми  түрде   қазақ тілімен   тең   қолданылатын орыс тілінде  әзірленіп,  содан  кейін ғана  мемлекеттік  тілге  аударылып  жүр.  «Тіл туралы  «Заңның  4- бабында: «Мелекеттік  тіл-мемлекеттің   бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың   барлық саласында   қолданылатын мелекеттік  басқару, заң  шығару, сот ісін  және  іс қағаздарын жүргізу  тілі»- деп жазылған. Заңның  осы  талабы  әлі күнге  орындалмай  отыр  деуге   болады.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы

И.С.Нургалиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.