Орал қаласының №2 сотында некені бұзу бойынша дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелге сот судьялары, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша татуласу орталығы, Орал қаласының ішкі саясат бөлімі, АХАТ бөлімі және «Интегралл» ҚБ-нің өкілдері қатысты.
Сот төрағасы Азамат Борамбаев өзінің сөзінде сотта кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың мүліктік және басқа да талаптар болмаған жағдайдағы некенің бұзылуының өсуі байқалатынын атап өтті, бұл некені АХАТ бөлімінде бұзу үшін негіз болып табылады.
Судья Руслан Курбановтың баяндамасында бірқатар ұсыныстар ұсынылды, оларға сәйкес некені бұзуды тіркеу туралы өтініштер түскен кезде тараптармен дұрыс жұмыс істеу үшін әрбір өтінішті егжей-тегжейлі зерделеу қажет.
Бұған дейін ҚР ЖС-ның «Отбасылық сот» жобасын жан-жақты дамыту және іске асыру бойынша ынтымақтастықты нығайту мақсатында сотқа ажырасу туралы талап арызбен жүгінген жұптармен жеке кездесулер өткізу процесі енгізілген болатын. Бұл жұмыс биылғы жылы қайта жандандырылады.
Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты жалғастырудың және ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
13 пікір