Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артты: Олжас Бектенов Президенттің еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді

Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артты: Олжас Бектенов Президенттің еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру және басым салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді.

Индустриялық парк аумағында Премьер-министрге Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды. Қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Астананың ЖӨӨ көлемі 5,5 трлн теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 7%-ға асып түскенін хабарлады. Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі 72%-ды құрайды. Биылғы 10 айда Астанаға шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға өсті. 

Премьер-министр 7,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан «Digital System Service» ЖШС зауытының өндірістік цехтарын аралап көрді. Телекоммуникация жабдықтарын, оның ішінде модемдерді, коммутаторларды, бағдарлауыштарды, телефон аппараттары мен үйде, кеңседе және өнеркәсіптік пайдалануға арналған стансаларды шығару жолға қойылған. Зауытта бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуден бастап дайын өнімді жинауға және орауға дейін өндірістің толық циклі жүзеге асырылады. Премьер-министрге жаңғыртудан кейін кәсіпорынның қуаты жылына 720 мың бірлікке дейін өскені, оның көлемін 805 мың құрылғыға дейін ұлғайту мүмкіндігі туралы баяндалды. 2005 жылы ашылған сәттен бастап зауытты дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $4,5 млн-ды құрады. Бүгінгі таңда өндіріс 100 қызметкерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Олжас Бектенов импортқа тәуелділікті азайту және жоғары технологиялық өнімнің экспортын ұлғайту мақсатында жағдай жасау үшін мұндай өндірістердің маңызын атап өтті. Қазіргі уақытта Digital System Service тауарлар желісі Қазақстан нарығында кеңінен ұсынылған. Компанияның даму жоспарында шетелдік нарыққа шығу қарастырылған, оның ішінде Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Араб елдері бар. 

Америкалық Wabtec компаниясының инвестициялық жобасы арқылы Олжас Бектенов теміржол машинасын жасау саласының дамуымен танысты. «Локомотив құрастыру зауыты» магистральдық тепловоздарды құрастыру кәсіпорны жылына 120 бірлікке дейін шығарады. Өндіріс басталғаннан бері барлығы 611 локомотив жиналды. Компания президенті Марат Тілеубаев Премьер-министрге зауытта барлық негізгі құрастыру тораптары игерілгенін, локализация деңгейі бүгінде 75%-ға жеткенін баяндады. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы – 30 млрд теңге. Кәсіпорында 742 жұмыс орны ашылды.

Премьер-министр темір жол машинасын жасауды дамытуға, жаңа өндірістік және сервистік объектілерді құруға инвестициялардың өсуінің оң үрдістерін атап өтті. Мұндай жобаларды іске асыру Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес Қазақстанның көлік-логистикалық хаб ретінде қалыптасуына ықпал етеді. 

Олжас Бектенов «Ashina KZ» ЖШС тігін фабрикасында жеңіл өнеркәсіптің дамуымен танысты. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 24 мың бірлік өнім. Жобаның құны 1,4 млрд теңгені құрайды, 60 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытында болды. Кәсіпорын жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, алтын мен басқа да бағалы металдарды қоспалардан тазартумен айналысады. Зауыт ТМД-да теңдесі жоқ озық аффинаж технологиялары бойынша жұмыс істейді, бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап барлығы 336,7 тонна тазартылған алтын және 64,2 тонна күміс өндірілді, жылдық қуаты 25 тонна алтын мен 50 тонна күміске жетеді. «Тау-Кен Алтын» ЖШС директоры Айнұр Айдарханов зауыт энергия тұтыну, су мен жылу шығынын азайта отырып, ESG-қағидаттарын белсенді енгізгенін, сондай-ақ катализаторлар мен қалдықтарды қайта өңдеуді дамытып жатқанын айтты. Бұл шикізат базасын кеңейтуге әрі нарықтағы ұстанымды нығайтуға мүмкіндік береді.

Премьер-министр зауыттың қызметі Қазақстанның бағалы металдардың әлемдік нарығындағы ұстанымын нығайтуға ықпал ететініне тоқталды. Жалпы, мұндай өндірістік жобалар ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі стратегияны іске асыруда шешуші рөл атқарады.

«Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу міндетін қойды. Бізде бұл үшін барлық мүмкіндіктер мен қажетті құралдар бар. Қолайлы жағдайлары бар осындай индустриялық парктер өнеркәсіп секторының дамуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда әртүрлі салалық бағыттағы 14 арнайы экономикалық аймақ және 20-дан астам индустриялық аймақ жұмыс істейді. Біз бұл тәжірибені жалғастырамыз әрі кеңейтеміз. Біздің міндетіміз – жоғары деңгейде қайта өңдеуді дамыту, отандық шикізатты тиімді пайдалану және қайта өңдеу, сондай-ақ ірі кәсіпорындардың айналасында сабақтас өндірістерді қалыптастыру. Импортқа тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, қосылған құны айтарлықтай жоғары өнімдердің экспортын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

201 пікір

  1. аватар
    Willie 2 ноября 2026 17:31

    Two, you can create a myNeosurf account and purchase your voucher on the spot.
    To do that, you can go to an authorized retailer to purchase it in cash, or to an online platform
    authorized to resell these vouchers. As a cherry on top,
    your transactions with it will be instant and processed in your
    local currency.

    References: https://gb.deniztuerkmen.com/

  2. аватар
    Gerard 2 ноября 2026 19:01

    Bank transfers take one to three business days; PayID typically settles in minutes.

    Anyone comparing online pokies payid australia banking against older methods notices the speed gap first, then the
    reduced data shared at checkout. The player requests a cashout,
    the casino verifies the account if needed, and the payout lands on the same linked PayID within an hour to a day.


    References: https://bkonline.id/

  3. аватар
    Manie 2 ноября 2026 23:00

    Casino reserve the right to apply a rollover of
    at least 5 (five) times the deposit amount at our sole discretion as per AML policy for any bonus.
    PLUS 25 Free Spins on slot Power of Thor Megaways.
    Free spins are granted in the game Big Bass Bonanza by Pragmatic Play.

    Plus 30 Free Spins on Juicy Fruits 27 Ways. Casino reserves the
    right to apply a wagering requirement of at least 5 (five) times the deposit amount
    at our sole discretion as per AML policy.

    References: nitinkanwar.co.in

  4. аватар
    Manie 3 ноября 2026 02:48

    SOFORT Casinos überzeugen zudem mit einer tollen Casinospiele
    Auswahl, einem lukrativen Einzahlungsbonus sowie einem hervorragendem VIP Programm.

    Das Gute ist, dass die Casinos mit Sofortüberweisung in der Regel keine Gebühren an die Spieler weitergeben. Zudem muss
    eine alternative Auszahlungsmethode für deutsche Spieler verfügbar sein, da
    eine Online Casino SOFORT Auszahlung
    generell nicht möglich. Sofortüberweisung wurde von Klarna übernommen und
    der Dienst komplett integriert, sodass du bei vielen Online Casinos mit
    Sofortüberweisung nur noch Klarna finden kannst.
    Wenn du in einer Online Spielothek oder im Online Casino mit
    Sofortüberweisung einzahlen möchtest, solltest du dich
    für eine seriöse Plattform entscheiden. Der
    Zahlungsanbieter Klarna ist in beinahe jedem Online Casino zu finden, was
    die Beliebtheit der Online Casinos mit Sofortüberweisung weiter steigert.

  5. аватар
    Boyce 4 ноября 2026 20:16

    Beide Lösungen münden in der sofortigen Verifizierung, sodass kein Mitarbeiter der virtuellen Spielbank eingreifen muss.

    Trustly stellt dazu eine Verbindung zum Girokonto im Online Banking her.
    Ohne Limits ★ keine Verifizierung ★ ohne OASIS
    und ohne LUGAS Und wenn einmal der große Treffer geglückt ist, möchten sie am liebsten eine Sofortauszahlung erhalten. Somit kann ich Sofortüberweisung als eines der besten Zahlungsmittel in der Online Spielothek bezeichnen.

    References: forum.rukoeu.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.