Нью-Йоркте Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының магистранттары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан жұмысының қорытындысы бойынша пікір сайысқа қатысты

Нью-Йоркте Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының магистранттары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан жұмысының қорытындысы бойынша пікір сайысқа қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының магистранттары БҰҰ үлгісі бойынша Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің қорытындылары туралы «дөңгелек үстелге» қатысты.

Пікір сайыс Нью-Йорктегі БҰҰ-ның ҚР Тұрақты өкілдігі Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты және «БҰҰ Моделі - Жаңа жібек жолы» жастар ұйымымен бірлесе ұйымдастырды.

«Дөңгелек үстелдің» күн тәртібінде «Корей түбегіндегі жағдай», «Сирия бойынша Астана процесінің контекстіндегі сирия дағдарысын реттеу мәселесі» және «Ауғанстандағы ахуалдың дамуы» атты маңызды мәселелер талқыланды. Бірқатар магистранттар сарапшылар ретінде баяндамаларын оқып, көрсетілген тақырыптар бойынша басқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Пікірталас барысында қазақстандық ЖОО студенттері қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың көптеген күрделі дағдарыстары бойынша пікір алмасып, осы мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

Пікір алмасуды бастаған Қазақстан Республикасының БҰҰ жаныңдағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты басты органындағы еліміздің негізгі жетістіктері мен  Қауіпсіздік Кеңесінде қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді. Ол БҰҰ ҚК-де болған екі жыл мерзімінде Қазақстан делегациясының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әртүрлі деңгейдегі 1000-нан астам отырыстарына қатысқанын атап өтті.

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметі барысындағы жетістіктері негізінен Мемлекет басшысының соғысқа қарсы, антиядролық және антитеррористік салаларында кеңінен танымал, маңызды бастамаларының арқасында мүмкін болды. Біз өзіміздің қазіргі замандағы көптеген өзекті мәселелері бойынша қағидатты және теңдестірілген ұстанымыз үшін Кеңес мүшелерінің жоғары бағаларына лайық және халықаралық аренада еліміздің беделін нығайта алдық», - деп атап өтті Қ. Омаров.

Тұрақты өкіл қазақстандық студенттермен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екіжылдық жұмыс бойынша өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. Елші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің соңғы жеті жылдағы Ауғанстанға тұңғыш рет баруы, БҰҰ ҚК бірнеше санкциялық комитеттерінің төрағасы ретіндегі қызметінің ерекшелігі, әлемдік ірі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарындағы сенімнің жетіспеушілігі және шиеленісудің ұлғайуы кезеңінде Қазақстанның ұстанымының қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің әлемдегі күрделі мәселелердің шешілінуіне бағытталған тәсілдемелері туралы толық әңгімелеп берді.

БҰҰ үлгісі бойынша өткен пікірталастарда Колумбия университеті жанындағы MDP Global Classroom Жер Институтының директоры, профессор Рафис Абазов және БҰҰ Хатшылығының Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Мэтью Пампин де қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия мен саясаттану, журналистика, құқық факультеттерінің және Экономика мен бизнес жоғарғы мектебінің магистранттары Колумбия университетінің жанындағы Жер институтымен алмасу бағдарламасы шеңберінде Нью-Йорк қаласына келген.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының магистранттары Академияның ҚР Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастығы шеңберінде ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде тағылымдамадан өтуде.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

125 пікір

  1. аватар
    Brianna 31 октября 2026 02:36

    Additionally, converting cryptocurrency winnings
    back to cash may trigger capital gains tax events.
    However, different tax obligations apply to individuals operating gambling activities as
    a commercial business. Out of the 12 operators on our core Australian list,
    our reviews confirm active PayID support at only VegasNow and
    1Red so far. However, these regulations apply directly
    to service providers rather than individual players.
    Omitting the reference code can result in funds arriving at the casino without automatically crediting your account balance.
    Lower playthrough multipliers are always preferable; both platforms featured on our list carry
    a 40x wagering requirement.

    References: enginecontrolroom.com

  2. аватар
    Chastity 31 октября 2026 04:20

    Ein Casino mit Klarna Verifizierung erspart dir damit das Fotografieren des Ausweises und die Wartezeit
    auf eine manuelle Prüfung. Der Zahlungsdienst schließt Verträge nur mit Unternehmen als
    Zahlungsempfänger ab. Auch ein seriöses Casino mit Klarna kann daran nichts ändern. Damit ist die Online Casino mit Klarna Einzahlung abgeschlossen, und du hast Zugriff auf das komplette Spielangebot.
    Das Guthaben steht nach wenigen Sekunden bereit, weil Klarna dem Casino
    den Zahlungseingang bestätigt, bevor das Geld tatsächlich
    ankommt. Wer zum ersten Mal für die Casino
    Einzahlung Klarna
    verwendet, startet am besten mit einem kleinen Betrag.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.