«Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің 2020 жылғы қызметінің жүзеге асырылуы талқыланды
Бүгін «Adaldyq alany» жалпы республикалық жоба аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес жұмысына вице-министрлер және жобаны іске асыруға жауапты әкімдердің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер және қоғам өкілдері қатысты.
Кеңес барысында республикалық жобалық кеңсенің басшысы Төлеген Байғұлов жобаны іске асырудың оң нәтижелерін атап өтті.
«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың пәрменді құралы ашықтық пен айқындық болып табылатынын ескере отырып, «Adaldyq alany» республикалық жобасы аясында мемлекеттік аппараттың тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Осылайша 317 әкімдіктің сервистік жұмыс моделіне көшкенін атап өткен жөн. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандарды жүз пайыз қамтамасыз етілді», - деп ол атап өтті.
«Қызылжар – адалдық алаңы» жобасының кураторы Ғани Нығыметов Солтүстік Қазақстан облысында барлық 14 аудандық және қалалық әкімдіктерде сервистік әкімдіктер ашылғанын, 192 ауылдық округтерде «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. «Ашық әкімдіктер» бұрынғы аудан орталықтарында да жабдықталуда. Қазірдің өзінде Келлеровка мен Соколовка ауылдарында бар.
«I komek» ахуалдық орталығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет алу үшін Аграрлық үйде «AgroKomek» сервистік орталығы ашылды.
Қоғамдық бақылау күшейтілуде.
«Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері мен басқа да қоғам белсенділері 15 тақырыптық мониторинг ұйымдастырды.
96 бұзушылық анықталды. Олардың барлығына ұсыныстар берілді.
Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау жағдайларын жасай отырып, жобалық кеңестерінің менеджерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үдемелі цифрландыруды жалғастырды, оның деңгейі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 93%- ды құрады.
Жобаның мызғымас бөлігі қоғам өкілдерінің жеке қатысуы болды. Ол 80 мыңға жуық еріктілерді біріктірді, олардың қолдауымен сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты болдырмайтын жағдайлар жасалуда.
Барлық қоғам өкілдері – «Adaldyq alany» өңірлік жобалық кеңестерінің басшылары өңірлік әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды.
Өткен жылы 10-нан астам сала қамтылды, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, жол құрылысы және т. б.
Өңірлерде жобаны іске асырудың оң нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Алик Шпекбаев вице-министрлерді министрліктер деңгейінде осындай жұмысты ұйымдастыруға шақырды.
Оның айтуынша, жобалық кеңселер бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауда және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуде, кедергісіз фронт-офистерді енгізу арқылы халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуде азаматтық қоғамның кеңінен қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың генераторы болуы тиіс.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сапалы іске асыру үшін мемлекеттік органдар қоғаммен тиісті бағалау әдістемесін құруды ұсынды.
Онлайн-кеңес барысында жоба кураторы, СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыруды тиімді ұйымдастыруға және аудандық әкімдіктердің сервистік модельге толық көшуін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының Алғысымен марапатталды.
[xfvalue_img]
7 пікір