ЖАСТАР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҮН ҚОСТЫ
Бүгін, 2021 жылдың 5 қаңтар күні әлеуметтік желілерде «Jas Otan» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық штабы белсенділерінің бастауымен «Жүрегіңмен дауыс бер!» жастар акциясы оздырылды.
Аталмыш акцияға Батыс Қазақстан облысының белсенді, көшбасшы жастары қатысты. Жастар өз парақшаларына сайлау туралы ойларын білдіріп, өздерінің оқырмандарымен достарын 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ішіндегі жастарға арналған бағыттарын талқылап, өздерінің қолдау тілектерін жеткізді.
Еске сала кетсек, «Nur Otan» партиясы бұған дейін де жастарға ерекше көңіл бөліп келген партия екені бәрімізге мәлім. Биылғы жылы партия тарапынан жастар үшін жасалынатын қолдаулар еселенетін болады. Оның ішінде жастардың тегін білім алу мүмкіндіктері кеңейетін болады. Жоғары білімге арналған гранттардың саны 50%-ға көбейтіліп, студенттер шәкіртақысы 2 есеге өседі. Колледждерде оқитын студенттер тегін біліммен қамтылып, кәсіпкерлік салаға қызығушылығы бар жастар «Бизнес бастау» жобасы арқылы тегін оқытулар ұйымдастырылатын болады. Бұл басымдықтар толықтай «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.
[xfvalue_img]