"Nur Otan" партиясынан Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Н.Ж.Бекбатыров жастармен кездесті.
Назарбек Бекбатыров үгіт жұмысы аясында қаламыздың жастарымен онлайн кездесу өткізді. Әңгіме барысында Назарбек Бекбатыров "Nur Otan" партиясының Қарағанды қаласының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты.
"Nur Otan" сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50% - ға арттыруға ықпал ететін болады. Бұл жыл сайын 75 мың жас қазақстандыққа жоғары білімді тегін алуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай барлық жастар колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқи алады.
Кездесу барысында жастардан жазғы кезеңге студенттерді жұмысқа орналастыруға қатысты сұрақтар келіп түсті. Назарбек Бекбатыров қаламызда жазғы кезеңде кемінде 300 жасты "Жасыл ел"еңбек жасақтарына жұмысқа орналастыруға "Nur Otan" партиясы жәрдемдесетінін жастарға айтты.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында 100 мыңнан астам жастар немесе халықтың жалпы санының 20% - ы тұрады. Жастардың табысты қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жыл сайын білім алу үшін колледждерде, жоғары оқу орындарында білім алушылар саны өсіп келе жатыр.
Жастармен жұмыс жасауда әлеуметтік лифтілерді құруға, сондай-ақ "7-20-25", "5-10-20" бағдарламалары бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй проблемаларын шешуге баса назар аударылатын болады.
Партия: 2025 жылға қарай 10 мыңға жуық жастарды жұмысқа орналастыруға (жыл сайын 2 мың адамнан), дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жастарды қамтуды 23,9% - дан 28% - ға дейін ұлғайтуға, өз ісін ашуға жыл сайын қолдау көрсетуге, жаңа орталықта жастардың Арбатын ашуға жәрдемдесетін болады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жастар жұмыссыздығы (15-28 жас) 5,5%-дан 5%-ға дейін төмендейді, жастар саясаты саласындағы іс-шаралармен қамту 100 мың адамға дейін ұлғайтылады.
Қатысушы жастар қаланы одан әрі дамыту және жастардың дамуына жағдай жасау бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, 10 қаңтарда "Nur Otan"партиясына дауыс беретіндерін айтты.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы Қарағанды қаласының
Сайлау қорының қаражатынан төленді
[xfvalue_img]