Хорватияда саябағында фашизммен күресте қаза тапқан кеңес жауынгерлерін еске алу Мемориалдың негізі салынды
Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватияның Меджимур жупаниясында Ұлы отан соғысындағы жеңістің 75-жылдығына орай іс-шараларға қатысты.
Қазақстандық дипломат Чаковец қаласының қалалық зиратында кеңес жауынгерлерінің бауырлас бейітінде қаза болған жауынгерлер мен фашизм құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде Югославияны фашисттік басқыншылардан азат ету үшін шайқастарда қаза тапқан қазақстандықтар жерленген. Рәсімге қатысушылар қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Елші Штригово ауылындағы Бейбітшілік және достық саябағының негізін салу рәсіміне де қатысты. Ол жерде кеңес жауынгерлерін еске алу Мемориалы салынады. Іс-шараға қатысушылар монументтің негізіне Қазақстан мен Ресей елшілері, жергілікті муниципалитет және Еске алу қауымдастығы басшылары қол қойған болашақ ұрпаққа арналған Жолдауымен капсула салды. Мемориалдың ресми ашылуы 2021 жылдың сәуір айына жоспарланған.
Рәсім барысында сөз сөйлеген Т.Барлыбаев Қазақстанның фашизмді жеңуге қосқан үлесі туралы айтып берді. Югославияны азат еткені үшін шайқастарда қазақстандық жауынгерлердің ерліктері атап өтілді, олардың көпшілігі ұрыс далаларында қаза тапты. Хорватияның Еске алу қауымдастығының басшылығымен хорватия аумағында жерленген қазақстандықтардың мәйіттерін іздеу және жеке басын анықтау бойынша жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
1945 жылғы сәуірде Хорватияның солтүстігіндегі Меджимур жупания ауданында Қызыл Армияның Вена стратегиялық шабуылдау операциясы аясында 3-ші Украин фронтының фашистермен қиян-кескі шайқастары өтті.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір