Сыртқы істер министрлігінде «KazAID» құру мәселесі бойынша брифинг өтті

Сыртқы істер министрлігінде «KazAID» құру мәселесі бойынша брифинг өтті

ҚР Сыртқы істер министрлігінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігін құру мәселесі бойынша БАҚ және қоғам өкілдері үшін брифинг өтті.

Брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев «KazAID» құру қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттандырып, осы құрылымды құрудың міндеттері мен күтілетін пайдасы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, дамуға ресми көмек қайырымдылық емес екендігі атап өтілді. Бастапқы кезеңде жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу көзделмейді. Агенттіктің қызметі тиісті халықаралық құрылымдар арқылы бөлінетін донор елдердің қаражатын тартуды көздейтін үшжақты халықаралық әріптестікке (KazAID – донор - бенефициар ел) шоғырландырылатын болады. Брифингке қатысқан БҰҰДБ мен Түрік халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (TIKA) өкілдері құрылып жатқан қазақстандық аналогпен жұмыс байланыстарын жолға қою ниетін білдіріп, бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Бөлінген қаражат барынша Қазақстанда игерілуі үшін жобаларды іске асыруда қазақстандық компанияларды, мамандар мен жабдықтарды тартылатуға басымдылық берілетіні атап өтілді. Қазақстандық дипломаттың айтуынша, агенттіктің қызметі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың озық тәжірибесін тартуға, мамандарымыздың біліктілігін арттыруға, тауарлар мен қызметтер сапасының әлемдік стандарттарын енгізуге, сондай-ақ отандық экспортты шетелдік нарықтарға шығаруға жәрдемдесуге бағытталған.

Брифингке қатысқан БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура қазақстандық биліктің бастамасын құптап, оның ресми көмекті дамыту жөніндегі БҰҰ шеңберіндегі нормативтік құжаттар мен іс-қимыл жоспарларына толық сәйкестігін атап өтті. Н.Шимомура Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен Тұрақты дамуды нығайту тұрғысында агенттік қызметін іске қосудың ерекше өзектілігін атап өтті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров жиналғандардың алдында тәуелсіз сарапшы ретінде сөз сөйлеп, өзара көмек көрсетудің маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтірді.

М.Сыдықназаровтың пікірінше, пандемияға қарамастан, әлем елдері өздерінің ұлттық мүдделеріне сәйкес белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруда. «Әрбір елге қолдау мен көңіл бөлу қазір екі есе қажет, және мұндай қолдау көрсеткендер ұзақ уақыт есте қалады. Барлығы қарапайым адамдардың өміріндегідей: қиын кезеңде көмектессең, сізді көптеген жылдар бойы, тіпті ұрпақтары да ризашылықпен еске алады және жақсы көреді», - деп атап өтті М.Сыдықназаров.

Брифинг барысында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамды мазалаған өзекті сұрақтарға жауап берді.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.