СІМ-де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы жиналды
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі Комиссиясының мүшелері жиналды.
Комиссия өзінің 50-ші отырысы барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын және Елбасының халықаралық бітімгерлік бастамаларын іске асыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді қарады.
Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуының тиімділігін талдауға, соның ішінде Ұлттық экономика министрлігі және Мәдениет және спорт министрлігінің халықаралық ұйымдарға қатысуына аса назар аударылды. Мүдделі мемлекеттік органдардың экономикалық векторға бағытталған жаңа халықаралық ұйымдарға қосылуы туралы ұсыныстары, соның ішінде, Азиялық орман ынтымақтастығы ұйымы (AFOCO) және Газ экспорттаушы елдер форумы (GECF) мұқият қаралды.
Кездесу шеңберінде төрағалық еткен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов министрліктер мен ведомстволардың құзыретіне қатысты халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша позицияларды дамытуға, еліміздің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жақсартуға, жаһандық және өңірлік құрылымдарға мүшелік етуден практикалық пайда алуға қол жеткізуге шақырды.
Кездесу барысында 2018 жылы халықаралық ұйымдарға, әмбебап халықаралық шарттардың атқарушы органдарына және басқа да халықаралық органдарға міндетті және ерікті жарналарды төлеу жоспарлары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]