Министр дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы сөйледі

Министр дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы сөйледі

АСТАНА, 2018 жылғы 16 қазан – Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының негізгі бағыттары аясында Сыртқы істер министрлігінің институционалдық әлеуетін дамыту туралы айтып берді.

«Келесі жылдан бастап, факторлық-баллдық бағалау негізінде еңбекақы төлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жүйе бір қызметкердің жұмысының тиімділігі мен нәтижелігіне негізделген және оның қорытынды нәтижесі мен бағалауға бағдарланған. Бұл мәселеде қызметті жоспарлау бірінші кезекте тұратын болады, сондықтан дипломатттардың қызметіне объективті баға беру үшін міндеттерді СІМ-нің бағдарламалық құжаттарымен тығыз байланстырып белгілеу қажет», - деп атап өтті Қ.Әбдірахманов сыртқы саясат ведомствосы қызметкерлерімен өткен жиналыста.

Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты «нөлдік төзімділік» саясатын ұстануды жалғастыратын болады. Осы саладағы жұмыс цифрландыру және автоматтандыру арқылы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға  шоғырланатын болады. «Біздің түпкі мақсатымыз - дипломатиялық қызметтің қызметін цифрлық форматқа толығымен көшіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, осылайша адам факторының мүмкін ықпалын жоятын боламыз». Басым міндет сытқы СІМ мен шет елдердегі мекемелердің арасында бірыңғай ақпараттық ортаны құру болып табылады, бұл өзара іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттырып, ішкі рәсімдерді жеңілдететін болады.

Ведомство дипломатиялық қызмет органдарын жетілдіруді, кадрлық саясатты жүйелеуді және ретке келтіруді жалғастыратын болады.

Қазақстандықтардың БҰҰ мен ЕҚЫҰ сияқты халықаралық құрылымдарға қатысуын кеңейту маңызды міндет болып қала бермек, бұл халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын беделді ғаламдық институттарда Қазақстанның мүдделерін ілгерілету мен қорғаудың ең тиімді әдісі болады. Министр осы міндеттің шешімін ұлттық деңгейге көтеру қажет екенін және кадрмен қамтамасыз ету проблемасын «Болашақ» бағдарламасын, Білім министрлігін, елшіліктерді және Қазақстанның халықаралық ұйымдардың жанындағы тұрақты өкілдіктерді орында жұмыс істеу үшін еліктіру арқылы жою қажет деп атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

Баспасөз қызметті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.