Атамқұлов: интернеттің бұғатталуына қатысымыз жоқ
Қорғаныс министрлігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда интернеттің ара-тұра бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл менің салама жатпайды. Менің бағытым емес, сондықтан білмеймін тіпті. Шынымды айтсам, интернетті мен де пайдаланамын", — деді ол.
Атамқұлов өзі басқаратын ведомствоның серверлердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Біздің бағытымыз мүлде бөлек. Біз бүгінде KazSat, KazSat-2 және KazSat-3 спутниктерінің қызметін ұсынамыз. Қазіргі таңда біздің спутниктер жерүсті байланыс жоқ учаскелерді қамтамасыз ете алады. Сондықтан, бұл тұста біздің сервистік қызметтер ұсынылады. Ал интернеттің бұғатталуына біздің қатысымыз жоқ", — деді ведомство басшысы.
Read more: sputniknews.kz
[xfvalue_img]