TikTok модерация тиімділігін арттыруда: 2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда 1,3 миллионнан астам бейнеролик жойылды
Пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қысқа бейнероликтерді жасауға және көруге арналған жетекші платформа TikTok-тың басты басымдықтарының бірі. Компания контентті модерациялау технологияларын жетілдіруді жалғастырып, Қауымдастық ережелерінің сақталуы туралы есептерді тұрақты түрде жариялап отырады. Бұл есептерде пайдаланушыларды қорғау және контент авторларын қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалады.
TikTok Қауамдыстық ережелерінің сақталуы туралы жаңа есебін жариялады. Есепте 2026 жылдың екінші тоқсанында пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, Қауамдастық ережелерін бұзатын бейнероликтерді жылдам анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін контентті модерациялаудың жаңа тәсілдері туралы баяндалды.
Есепке сәйкес, 2026 жылғы сәуір–маусым айлары аралығында Қазақстанда:
- Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 1,37 миллионнан астам бейнеролик жойылды;
- Жойылған бейнероликтердің 99,6%-ын платформа пайдаланушылардан шағым түспей тұрып, алдын ала анықтап, жойды;
- Қауымдастық ережелерін бұзған бейнероликтердің 92,1%-ы жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде жойылды.
Дүние жүзі бойынша осы кезеңде TikTok мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді::
- Платформа талаптарын бұзған 188 миллионнан астам бейнеролик жойылды;
- Мұндай контенттің 99,5%-ы пайдаланушылардан шағым түспей тұрып жойылды. Бұл – платформа тарихындағы рекордтық көрсеткіш;
- Мұндай контенттің 92,7% -ы жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде жойылды.
TikTok жасанды интеллектіні қолдану арқылы контентті модерациялау технологияларын жетілдіруді жалғастыруда. 2026 жылдың екінші тоқсанында дүние жүзі бойынша барлық бейнероликтердің 97,4%-ы жасанды интеллект технологияларын қоса алғанда, автоматтандырылған жүйелердің көмегімен жойылды. Бұл – платформа жұмыс істей бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Мұндай құралдарды дамыту Қауымдастық ережелерін бұзатын контентті жедел анықтауға және пайдаланушылардың оны көріп үлгеру ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді. Модерациялау процесіне TikTok-тың қауіпсіздік жөніндегі мамандар тобы да қатысады. Олар күрделі әрі даулы жағдайларды, соның ішінде пайдаланушылардың шағымдары негізінде тексеруге жіберілген контентті қарайды және оны шектеу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Егер ереже бұзушылық расталса, аккаунт иесіне тиісті хабарлама жіберіледі.
TikTok жалған белсенділікті жасанды арттыру және жалған аккаунттармен күрес жұмыстарын да күшейтуде. 2026 жылдың екінші тоқсанында платформа дүние жүзі бойынша 352 миллионнан астам жалған аккаунттың ашылуына жол бермеді, сондай-ақ жасанды түрде көбейтілген 6,2 миллиардтан астам лайкты, 2,7 миллиард жалған жазылушыны және жалған аккаунттардан жарияланған 190 миллион пікірді жойды. Бұдан бөлек, TikTok жазылушылар санын жасанды түрде арттыруға бағытталған 7,5 миллиардтан астам әрекеттің алдын алды. Мұндай заңбұзушылықтарды анықтау үшін платформа белсенділікті жасанды арттырумен күресуге, сондай-ақ контент авторлары мен олардың бейнероликтерінің танымалдылығын қолдан көбейтуге жол бермеуге көмектесетін технологияларды жетілдіруде.
Қауымдастық ережелерінің сақталуы туралы есептерді тұрақты түрде жариялай отырып, TikTok өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді және пайдаланушыларды олардың шығармашылықпен айналысуы мен қарым-қатынас жасауы үшін қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыруға бағытталған шаралар туралы хабардар етуді жалғастыруда.
TikTok туралы
TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.
[xfvalue_img]
