Қауіпсіздік сақшылары — мұғалімдер: SAQ жобасының үшінші маусымының қорытындылары

Қауіпсіздік сақшылары — мұғалімдер: SAQ жобасының үшінші маусымының қорытындылары

Қауіпсіздік мектептен басталады: Қазақстанда SAQ жобасының үшінші маусымы аяқталды

Жыл сайын өткізілетін SAQ білім беру жобасы мұғалімдер мен оқушыларды қауіпсіздік негіздеріне және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық қағидаларына үйретуге бағытталған.

Идеядан қауіпсіздік мәдениетіне

Жоба 2024 жылы басталды. Caravan of Knowledge корпоративтік қорының бас директоры Дарын Сайынов атап өткендей, оны құруға алғышарттар бұрынырақ пайда болған. 2023 және 2024 жылдары Қазақстанда бірқатар ауқымды төтенше жағдай орын алып, халықты табиғи апаттар мен техногендік қауіптерге жүйелі түрде дайындаудың қажеттігін көрсетті. Осылайша педагогтер мен оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жоба идеясы пайда болды.

SAQ жобасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық волонтерлік желінің және Caravan of Knowledge корпоративтік қорының бірлескен күшімен, «Шеврон» компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылады.

Жоба жүзеге асырылған уақыт ішінде Алматы қаласын, Атырау қаласын, Алматы, Абай, Қостанай және Жетісу облыстарын қамтыды. Елдің әртүрлі өңірінен келген 600-ден астам педагог төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету қағидалары туралы білім алды. Кейін олар алған дағдыларын оқушылар мен әріптестеріне үйретіп, мектептерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады. Мұғалімдерге арналған оқыту толығымен тегін екенін атап өткен жөн. Ұйымдастырушылар жол жүру, тұру, тамақтану және тренерлердің жұмысына байланысты шығындарды өз мойнына алады.

«Біз оқытуды офлайн және онлайн форматта өткіземіз. Өңірлерге барып, бес күндік сабақтар ұйымдастырамыз», — дейді Дарын Сайынов. «Офлайн тренингтерге әдетте 30–35 педагог қатысады. Оқу аяқталған соң олар сертификаттар мен арнайы кеудешелер алады, сондай-ақ өз мектептерінде қауіпсіздікке жауапты тұлғалар — SAQ офицерлері болу мүмкіндігіне ие болады».

Онлайн формат Қазақстанның кез келген өңіріндегі мұғалімдерге, соның ішінде әзірге офлайн сабақтар өткізілмеген облыстардың педагогтеріне де қолжетімді.

Атырау облысы мектептеріне арналған практикалық дағдылар

Атырау облысы жобаға ол іске қосылған кезден бастап дерлік қатысып келеді. Биыл өңірдегі 15 мектептен 30 педагог оқудан өтті — әр ұйымнан екі өкілден. Бес күн бойы қатысушылар SAQ әдістемесін меңгеріп, теориялық материалдарды талдап, мамандармен бірге практикалық дағдыларын пысықтады. Оқытуға дәстүрлі түрде жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де қатысады. Апаттар медицинасы орталығының мамандары педагогтерге алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін үйретеді.

Бағдарлама мектептерде, тұрғын үйлерде және қоғамдық орындарда болатын өрттерден бастап, қауіпті заттардың таралуы немесе төгілуі салдарынан туындайтын апаттар мен ауаның қатты ластануына дейінгі түрлі қауіп-қатерді қамтиды. Табиғи қауіптерге — су тасқынына, селге, қар көшкініне, жер көшкініне, дауылға, табиғи өрттерге, маусымдық қауіптер мен індеттерге де ерекше назар аударылады.

Педагогтер шағын топтарда жұмыс істейді, практикалық тапсырмаларды орындайды, нәтижелерін таныстырады және алған білімдерін мектеп өміріне енгізу бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлейді.

«SAQ жобасы аясында біз төтенше жағдайлардың алдын алуды, оқушыларға қауіпсіздік қағидаларын түсіндіруді және осы бағыттағы іс-шараларды жоспарлауды үйренеміз. Қауіп-қатер күтпеген жерден туындайды, сондықтан мұндай жағдайда сабыр сақтап, алдын ала әзірленген жоспар бойынша әрекет ету маңызды. Төтенше жағдайлар қызметімен өзара байланыс орнатудың қаншалықты маңызды екенін де түсіндік. Қауіп туындаған кезде 112 нөміріне қалай дұрыс хабарласу керектігін балаларға түсіндіру қажет. Біз үшін мектеп пен оқушылардың қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында», — деді Атырау облысы Жылыой ауданының педагогі Гүлмира Ардақова.

Дүрбелеңсіз оқу дабылы: Жапониядан Алматы облысына дейін

Биыл көктемде Ұлттық волонтерлік желінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің, «Шеврон» компаниясының және Caravan of Knowledge корпоративтік қорының өкілдері Жапонияға барып, арнайы тренингтерге қатысты. Табиғи құбылыстарды имитациялайтын жабдықтардың көмегімен қазақстандық делегация мүшелері тайфундардың күшін бағалап, жаңбыр аралас қатты желдің әсерін сезініп, арнайы тербелмелі платформада жер сілкінісінің дүмпулерін бастан өткерді.

Қазақстанда да осындай сейсмодельдеу құрылғысы бар. Ол Алматы қаласындағы Халықты қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығының базасында орналасқан. Құрылғы нақты жағдайларға барынша жақын ортада практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.

Биыл Атыраудан кейін SAQ жобасы Алматы қаласы мен Алматы облысында жалғасты. Бұл өңірлерде 30 педагог оқудан өтті. Қатысушылар ең есте қалған сабақтардың бірі ретінде Ұлттық орталық базасында өткен семинар-тренингті атады. Педагог Аида Сатарбаева мұғалімдерге жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігін, ғимараттың қай жерлері қауіпсіздеу екенін және төтенше жағдайда неліктен сабыр сақтау маңызды екенін түсіндірді. Қатысушылар арнайы жабдықталған бөлмеде сейсмодельдеу құрылғысының көмегімен алған білімдерін бекітті.

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова SAQ жобасы аясында Жапония тәжірибесін талдай отырып, болашақта жоба мектеп шеңберінен шығып, қоғамдағы кең ауқымды қауіпсіздік мәдениетінің бір бөлігіне айналуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл іске тек бейінді ведомстволар ғана емес, басқа да тараптар қатысуы керектігіне назар аударды:

«Бұл жұмысқа тек бейінді министрліктер ғана емес, өңірлік және қалалық әкімдіктер, сондай-ақ Экономика министрлігі де тартылуы маңызды, өйткені мұндай бастамаларды іске асыру үшін тиісті бюджет қаражаты қажет. Төтенше жағдайларға дайындық мәдениетін қалыптастыруда бизнес те маңызды рөл атқара алады. Бұған өз қызметкерлерін тұрақты түрде оқытатын жапон компанияларының тәжірибесі мысал бола алады. «Шеврон» да басқа көптеген өндірістік компаниялар сияқты осы бағытта жұмыс істеп келеді. Егер Қазақстан қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға ден қоюдың осындай жүйелі мәдениетін қалыптастыра алса, бұл алға жасалған үлкен қадам болар еді».

Мектептерге қауіпсіздікке арналған гранттар

Ауылдық елді мекендерден келген педагогтер ұйымдастырушыларға ерекше алғыс білдірді. Олардың көпшілігі үшін жобаға қатысу қауіпсіздікке үйретудің заманауи әдістемелерін меңгеруге және басқа өңірлердегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Алматы облысы Айтей ауылындағы Қосынов атындағы жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі директоры Тазагүл Халмұхамедова алған білімнің практикалық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мектеп жанындағы «Жас құтқарушы» мамандандырылған үйірмесінде балаларға SAQ әдістемесі бойынша тұрақты сабақтар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар педагогтер төтенше жағдай кезінде бағдар табуға көмектесетін қосымша белгілерді мектеп ғимаратының ішіне және аумағына орнатуды көздеп отыр.

Осы маусымда алғаш рет жоба аясында мектептерге қаржылай қолдау көрсету қарастырылды. Қатысушы 15 ұйымның әрқайсысы өз бастамаларын іске асыру үшін 200 мың теңге көлемінде грант алу мүмкіндігіне ие болады. Қаражат қауіпсіздік бұрыштарын жабдықтауға, қажетті құралдар мен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ шағын жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады.

Ұйымдастырушылар жоба келесі жылы да жалғасады деп үміттенеді. Қатысушыларға арналған жаңартылған әрі толықтырылған оқу бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Ол педагогтерді даярлау мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстан мектептерінде қауіпсіздік мәдениетін одан әрі енгізуге ықпал етеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.