Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері дәрігерлермен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл туралы семинар өткізді
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы балалар ауруханасының қызметкерлерімен семинар өткізді. Кездесу барысында Терроризм актісінің нәтижесінде пайда болған күдікті затты табу, техногендік сипаттағы қатерлерді жою кезіндегі қызметкердің іс-қимылы қаралды, сондай-ақ бейнероликтер көрсетіліп, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттері туралы жадынамалар ұсынылды.
Алдын-алу мақсатында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ҚК-нің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бар екені жеткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]