Астана ғылым мен өнер алаңына айналады: 2026 жылғы 25 қыркүйекте «Таным» көпфункционалды кешенінде Showcase Art&Science by PRO.NRG FEST өтеді
2026 жылғы 25 қыркүйекте Астанада, «Таным» көпфункционалды кешенінде (Қайым Мұхамедханов көшесі, 26) зерттеу жобаларына арналған Showcase Art&Science by PRO.NRG FEST — ғылым, өнер және зерттеу жобалары тоғысатын бір күндік іс-шара өтеді. Іс-шара 10:00-ден 16:00-ге дейін жалғасады. Осы күні Impact Challenge 2026: Су ресурстары ұлттық ғылыми жобалар байқауының ашық финалы, Art & Science of Water гранттық бағдарламасының көрмесі және Қазақстанның су ресурстарына арналған National Geographic Qazaqstan фотокөрмесі өтеді.
Showcase Art&Science су тақырыбын үш бағытта қарастырады: мектеп зерттеулері, заманауи өнер және деректі фотография. Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі жағдайы және оны жақсарту жолдары — осы үш бағытты біріктіретін ортақ тақырып. Деректі фотография мәселенің ауқымын көрсетеді, мектеп жобалары нақты шешімдер ұсынады, ал көркем жұмыстар су тақырыбын өнер арқылы пайымдауға мүмкіндік береді.
Іс-шара бағдарламасы бірнеше бағыттан тұрады. Impact Challenge 2026 — ұлттық финал. Салтанатты ашылудан кейін, 10:45-тен бастап, Қазақстанның мемлекеттік мектептерінің 8–11-сынып оқушыларынан құралған, финалға шыққан 10 команда өз ғылыми-зерттеу жобаларын қазылар алқасы мен көрермендер алдында қорғайды. Art & Science of Water — ғылым, өнер және технология тоғысында зерттеу мен көркем шығармашылықты ұштастыратын жобаларды қолдауға арналған PRO.NRG FEST ашық гранттық бағдарламасы. Іріктеу қорытындысы бойынша 20 жобаға дейін таңдалып, олардың әрқайсысына жобаны жүзеге асыру үшін 400 000 теңге көлемінде грант беріледі. Бағдарламаның тағы бір бағыты — National Geographic Qazaqstan фотокөрмесі. Көрме Қазақстанның су ресурстарының қазіргі жағдайын деректі фотография арқылы көрсетіп, тақырыпты визуалды тұрғыдан тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Ғылыми-білім беру бағдарламасы аясында Aqua Lab зертханасында және «Таным» кешенінің гидропоника мен аквапоника кабинеттерінде шеберлік сабақтары өтеді, демонстрациялық станциялар жұмыс істеп, көрме экспозициясымен таныстыратын экскурсиялар өткізіледі. 15:15-тен 16:00-ге дейін марапаттау рәсімі өтеді.
«Су — өңір болашағы тәуелді ресурс, оны сақтаудың шешімдерін ең алдымен жас зерттеушілер табады. Мектеп ғылымы, өнер және деректі фотография су туралы бірге сөйлейтін Showcase Art&Science іс-шарасын қолдағанымызға қуаныштымыз. Бағдарламада өнертанушы Полина Егармин, суретші-муралист Раис Шагиев және UNESCO Clubs Kazakhstan елшісі Махаббат Есен сөз сөйлейтіні ерекше құнды: олар су тақырыбы өнер, технология және жастар бастамалары арқылы қалай ашылатынын көрсетіп, оны сақтауға әркім үлес қоса алатынын дәлелдейді», — деп атап өтті «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің корпоративтік байланыстар жөніндегі менеджері Еркин Зикибаев.
Showcase Art&Science қонақтары ғылыми және көркем жобаларды тамашалап қана қоймай, зерттеу сұрағының көркем идеяға, одан әрі визуалды бейнеге қалай айналатынын көре алады. Олар финалистермен, сарапшылармен және жоба авторларымен пікір алмасып, мектеп ғылымы, заманауи өнер мен деректі фотографияның бір тақырыпты әртүрлі тәсілмен қалай жеткізетінін байқайды.
Алдын ала тіркелу мына сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
Іс-шараның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/pro.nrg.fest
Іс-шараның ресми сайты: https://artandscience.kz/
Жарияланымдарға арналған афишалар мен БАҚ материалдарына сілтеме: Афиши 2026
Анықтама үшін:
«Chevron» — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз сенімді, қолжетімді және таза энергия прогресс үшін қажет деп санаймыз. «Chevron» мұнай мен табиғи газ өндірумен, мұнай өнімдерін, мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын шығарумен айналысады, сондай-ақ бизнес пен мұнай-газ саласын дамытуға арналған технологияларды әзірлейді. Біз мұнай-газ бизнесін дамытумен қатар, қызметіміздің көміртек қарқындылығын төмендетуге және төмен көміртекті бағыттарды, соның ішінде жаңартылатын отын өндірісін, көміртекті ұстау технологияларын, офсеттерді, сондай-ақ сутегі мен басқа да инновациялық технологияларды дамытуға ұмтыламыз. «Chevron» туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры — Қазақстанда STEAM-білім беруді ілгерілететін, мұғалімдердің біліктілігін арттыратын және оқушыларға білім беретін білім беру ұйымы.
[xfvalue_img]
