СҚО-да құқық бұзушылықтар саны 18,5%-ға азайды: полиция профилактикалық жұмысты күшейтуде

СҚО-да құқық бұзушылықтар саны 18,5%-ға азайды: полиция профилактикалық жұмысты күшейтуде

https://youtube.com/shorts/7hKwYP81MxI?feature=share 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тоғыз айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Кеңес басталар алдында жедел бөлімшелердің қызметкерлері қызмет нәтижелері үшін ҚР Ішкі істер министрлігі мен СҚО полиция департаментінің бұйрықтарымен марапатталды. Жиында жедел-қызметтік жұмыстың қорытындылары, жеке құрам арасындағы тәртіптің жай-күйі және кадр мәселелері талқыланды. 

Жалпы облыстағы жедел ахуал тұрақты деп бағаланады. Құқық бұзушылықтардың жалпы саны 18,5%-ға, ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,3%-ға азайды. СҚО ПД бастығы Руслан Назаров қылмыстың алдын алуға басымдық беруге шақырды. 

Алдын ала әрекет ету, ауыр зардаптарға жол бермей тұрып проблемаларды шешу – заманауи полиция жұмысының негізгі қағидаттарының бірі. СҚО ПД бастығының орынбасары Марат Жұмалиев өз баяндамасында профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Профилактикалық есепте тұрған 1397 адамның 283-іне заңда белгіленген шектеулер қойылған. Оның ішінде 158 адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 125 адам әкімшілік қадағалаудағы тұлғалар. Жыл басынан бері осы санаттағы адамдар 17 қылмыс жасаған: оның 6-уын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, 11-ін әкімшілік қадағалаудағы тұлғалар жасаған. Мұндай қылмыстарды азайту тұрақты бақылауды, басқа мемлекеттік органдармен және қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылды талап етеді. 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға да ерекше назар аударылды. Жасырын патрульдеу белсенді қолданылатын Тайынша ауданында жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге азайды. Жалпы облыс бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп, қосымша 50 аппараттық-бағдарламалық кешен және құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін 8 мобильді кешен іске қосылды. Олардың екеуі жасырын патрульдеу режимінде жұмыс істейді. 

Сондай-ақ полиция полковнигі Руслан Назаров жеке құрамға ҚР ІІМ алқасында айтылған талаптарды жеткізіп, қызметкерлерді жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жұмысты сапалы жүргізуге және профилактика туралы заң талаптарын қатаң сақтауға бағыттады. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.