СҚО-да жас құрылысшы мен мұғалім полицияның үздік қоғамдық көмекшілері атанды

СҚО-да жас құрылысшы мен мұғалім полицияның үздік қоғамдық көмекшілері атанды

https://youtube.com/shorts/wyOxKtwQ-LM 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде полицияның үздік қоғамдық көмекшілері марапатталды. Петропавл қаласында жеңімпаз атанған 25 жастағы құрылысшы Владислав Трасковский болса, ауылдық жердегі үздік қоғамдық көмекші – бастауыш сынып мұғалімі Марина Венинг. 

Владислав ҚР Ұлттық ұланында радиотелефонист болып қызмет атқарып, әскери жиындар кезінде кіші сержант атағын алған. Қазір құрылыс саласында еңбек етеді, ал бос уақытын №8 учаскелік полиция пунктіндегі қоғамдық жұмысқа арнайды. 

Ол аумақты аралау және рейдтік іс-шараларға қатысады, учаскелік инспекторға азаматтарды қабылдауға көмектеседі, бейнебақылау камераларын қарайды. Бір жыл ішінде Владислав абаттандыру ережелерін бұзудың және ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты 35 деректі анықтаған. 

Владислав бұл жұмыстың өзіне жақын екенін және болашақ кәсібін полициямен байланыстыруды шешкенін айтады. 

Марина Венинг Шал ақын ауданында 14 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Спортпен айналысады, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектеседі және жазғы лагерь жұмысына қатысады. 

Марина полиция қызметкерлерімен әсіресе кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша тығыз жұмыс істейді. Ол балалармен түсінікті әрі ақыл айтпай сөйлесе біледі. Оқу жылының басында буллингтің алдын алуға арналған әлеуметтік бейнеролик түсіру бастамасын да өзі көтерді. 

«Полицияның үздік қоғамдық көмекшісі» байқауының жеңімпаздарына дипломдарды СҚО ПД және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов табыстады. Ол мұндай азаматтар өз үлгісімен «Заң мен тәртіп» жай ғана сөз емес, өмірлік ұстаным екенін көрсететінін атап өтті. 

Бүгінде СҚО-ның жергілікті атқарушы органдарында 255 қоғамдық көмекші тіркелген. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.