«Заң мен тәртіп»: елордалық мектептерде оқушылармен профилактикалық кездесулер өтіп жатыр

«Заң мен тәртіп»: елордалық мектептерде оқушылармен профилактикалық кездесулер өтіп жатыр

Елорда мектептерінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған профилактикалық кездесулер басталды. Қазірдің өзінде 26 білім беру ұйымында дәрістер өтіп, оған 7 мыңға жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың, буллингтің, зорлық-зомбылықтың, есірткі қолданудың және интернеттегі қауіптердің алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы топтық жанжалдарға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

16 қыркүйекке дейін жалғасатын іс-шараларға 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысады.
Мамандар оқушыларға құқық бұзушылық жасағаны үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы түсіндіреді. Сондай-ақ оңай жолмен ақша табуға уәде беріп, түрлі қылмысқа, соның ішінде есірткі таратуға тартудың қауіптілігіне тоқталады.

Профилактикалық кездесулерге прокуратура, полиция, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, білім беру саласының мамандары мен психологтардан құралған ведомствоаралық мобильді топтар қатысып жатыр.
Кездесулер барысында әлеуметтік желілердегі түрлі қауіптерге, кибербуллингке және бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сақтықпен қараудың маңыздылығы атап өтіледі.

Мамандар жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, олардың күнделікті өмірде және интернетте кезігуі мүмкін нақты жағдайларды талдайды. Кездесулердің маңызды бөлігі – тақырыптық бейнероликтер. Нақты мысалдар арқылы жасөспірімдерге ойланбай жасалған әрекет, құрдастарын қудалау, тыйым салынған ақпарат тарату немесе интернетте құқық бұзу қандай жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені түсіндіріледі.

Осындай кездесу елордалық №72 мектепте де өтті.
Бұл білім ордасындағы профилактикалық жұмыстар мектеп ортасының жаңаруымен қатар жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйекте мұнда 600 оқушыға арналған жаңа корпус пайдалануға берілді. Бұған дейін мектептің жобалық қуаты 2,4 мың орын болғанымен, онда шамамен 4 мың бала білім алған.

Қазір мектепте 4854 оқушы оқиды. Жаңа корпустың ашылуының арқасында оқу процесін екі ауысымда ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Бұл мектепке түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, оқушылар үшін сабақ кестесін ыңғайлы етуге жол ашты.
«Балалардың білім алуы үшін жағдай жақсарды, өйткені бұрынғыдай оқушы санының көптігі қиындық тудырмайды. Қазір екі ауысымда оқимыз», – деді №72 мектеп директоры Айман Дюсенова.

Жаңа корпуста физика, химия және биология пәндеріне арналған заманауи кабинеттер, сондай-ақ робототехника, информатика және STEM бағыттарына арналған арнайы кабинеттер жабдықталған. Кең әрі жарық бөлмелер, жаңа жиһаздар мен заманауи безендіру оқушыларға жайлы білім алуға ғана емес, практикалық дағдыларын дамытуға да мүмкіндік береді.

Мектеп директорының айтуынша, жаңа корпусты жабдықтау кезінде білім беру ұйымының ұсыныстары да ескерілген.
«Жайлы білім беру ортасын қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бірін-бірі толықтырады. Бүгінде оқушылардың қауіпсіздігі – заманауи ғимарат пен құрал-жабдықтың болуы ғана емес, өз құқықтарын білуі және өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы», – деп атап өтті мектеп директоры.

#законипорядок #заңментәртіп

https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1286037?lang=kk  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.