eGov Mobile қосымшасында енді газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға болады

eGov Mobile қосымшасында енді газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға болады

eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.

Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді.

Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады.

Сервисті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына кіру;
  • «Сервистер» бөліміне өтіп, «QazaqGaz Aimaq» сервисін таңдау;
  • деректерді ұсынуға келісім беріп, көрсетілген мәліметтерді тексеру;
  • жеке шот нөмірін енгізу, жүйе оған тіркелген есептегіштер тізімін көрсетеді;
  • қажетті есептегіш бойынша өзекті көрсеткіштерді енгізу;
  • әр есептегіштің фотосын жүктеу, жасанды интеллект деректерді салыстырады;
  • «Көрсеткіштерді жіберу» батырмасын басу.

Сервиске қосымшаның басты бетіндегі арнайы баннер арқылы да өтуге болады.

Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді. 

Сервис Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.