Qazaqstan Investment Corporation және «Бәйтерек» холдингі Гонконг пен Қытайдың бизнес-делегациясымен инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Qazaqstan Investment Corporation және «Бәйтерек» холдингі Гонконг пен Қытайдың бизнес-делегациясымен инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің құрамындағы еншілес ұйым – «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Гонконг арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лидің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Гонконг пен материктік Қытайдың бизнес қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуге қатысты.

Іс-шара қазақстандық даму институттары мен халықаралық бизнес арасындағы диалогқа арналған ірі алаңдардың біріне айналды. Гонконг сауданы дамыту кеңесі (HKTDC) ұйымдастырған делегация құрамына Гонконгтың жетекші компанияларының 70-тен астам басшысы мен Қытайдың 17 провинциясы мен муниципалитетінен келген кәсіпорын өкілдері кірді. Қатысушылар қатарында қаржы секторының, логистиканың, жоғары технологиялардың, энергетиканың, биофармацевтиканың және өнеркәсіптің өкілдері болды.

Кездесуді аша отырып, «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин Холдингтің ел экономикасындағы жаңартылған рөлін таныстырды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің жиынтық активтері шамамен 40 млрд АҚШ долларына жетсе, экономикаға көрсетілген қолдау көлемі 21 млрд АҚШ долларынан асты. Өткен жылы 100-ден астам ірі жоба қаржыландырылып, мыңдаған шағын және орта бизнес субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетілді.

Іс-шара барысында QIC Басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов Қазақстанның инвестициялық әлеуетін және халықаралық серіктестер үшін тікелей және венчурлік инвестициялар саласындағы мүмкіндіктерді таныстырды.

Бүгінде QIC еліміздегі негізгі инвестициялық институттардың бірі және тікелей әрі венчурлік инвестициялар қорларының ең ірі платформасы болып табылады. Компанияның инвестициялық портфелінде 19 қор бар, ал басқарудағы активтердің жалпы көлемі шамамен 3 млрд АҚШ долларын құрайды. Құрылған сәттен бастап QIC 144 компанияға қолдау көрсетіп, инвестициялардың 98,7%-ын ұлттық экономиканы дамытуға бағыттады.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды. Бүгінде QIC Гонконгтың инвестициялық институттарымен табысты әріптестік орнатқан. Соның бір мысалы ретінде корпорацияның Forebright Capital компаниясы басқаратын Forebright Life Science Technology Fund L.P. қорына шектеулі серіктес ретінде қатысуын атап өтуге болады. Қор биотехнологиялар мен денсаулық сақтау салаларындағы жобаларға инвестиция салып, Қазақстан мен Орталық Азияда дербестендірілген медицина саласындағы заманауи шешімдерді енгізуге ықпал етеді.

Талқылаудың жеке бағыты агроөнеркәсіптік секторға бірлесіп инвестиция салу мүмкіндіктеріне арналды. Осыған байланысты кездесуге қатысушыларға QIC басқаруындағы жаңа тікелей инвестициялар қоры – мақсатты көлемі 1 млрд АҚШ долларына дейінгі ADAL Fund L.P. таныстырылды. Қор агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді қолдауға және отандық өндірушілерді шоғырландыруға бағытталған.

Тараптар сондай-ақ инфрақұрылым, логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Шетелдік серіктестер Орта дәлізді дамытуға, көлік инфрақұрылымына және Қазақстанның өндірістік қуаттарын кеңейтуге қатысты жобаларға ерекше қызығушылық танытты.

Кездесу барысында QIC қатысуымен «Бәйтерек» холдингі мен China Huadian компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын, құны шамамен 190 млн АҚШ долларын құрайтын бу-газ электр станциясын салу жобасы атап өтілді.

Қатысушылар капитал нарықтарын дамыту және борыштық қаржыландыру мәселелеріне, оның ішінде елдегі мамандандырылған тұрғын үй жинақ банкі болып табылатын Отбасы банктің ықтимал листингіне ерекше назар аударды.

Келіссөздердің практикалық нәтижесі ретінде «Бәйтерек» холдингі Bank of China (Hong Kong) Limited және Invest Hong Kong ұйымдарымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі Standard Chartered Hong Kong ұйымымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжаттарға қол қою рәсімі Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лидің қатысуымен өтті.

Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға Airport Authority Hong Kong, China Mengniu Dairy Company Limited, Standard Chartered Bank (Hong Kong) Limited және Shandong Energy Group секілді Гонконг пен материктік Қытайдың жетекші компаниялары қызығушылық танытты. Тараптар логистика, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы секторы және энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды одан әрі пысықтауға келісті.

Серіктестіктің дамуы Қазақстан мен Гонконг арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюы аясында жүзеге асуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 38,1%-ға өсіп, 178,8 млн АҚШ долларына жетті, ал Гонконгтан Қазақстан экономикасына тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 3,9 млрд АҚШ долларынан асты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан, Гонконг пен материктік Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік танытты.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.