Көлік министрлігі Гонконгтың логистикалық компанияларымен серіктестікті кеңейтуде
Елордада Көлік министрі Марат Қарабаев ҚХР Гонконг арнайы әкімшілік ауданы заң шығару кеңесінің мүшесі Фрэнки Ик Чиминмен кездесті.
Кездесу Гонконгтың логистикалық қызметтер миссиясының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары аясында өтті. Кездесуге бірқатар жетекші көлік-логистикалық компаниялар қатысты.
Кездесу аясында көлік және логистика саласындағы Қазақстан мен Гонконг арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар көлік саласына озық технологияларды енгізу үшін тәжірибе алмасу маңызды екенін айтты. Тараптар Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен «Hongkong Association of Freight Forwarding and Logistics Limited» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]