QIC: Орталық Азия инвестициялаудың жаңа модельдеріне көшуде

QIC: Орталық Азия инвестициялаудың жаңа модельдеріне көшуде

Алматы, 2026 жылғы 6 мамыр — «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Tansar Capital Investors Annual Meeting 2026 жыл сайынғы конференциясына қатысып, Орталық Азияның инвестициялық нарығы неғұрлым құрылымдалған модельдер мен платформалық шешімдерге көшіп жатқанын мәлімдеді.

Тиісті мәлімдеме QIC Басқарма төрағасының инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасары Ғаббас Ержанов пен компанияның тәуелсіз директоры Марсия Фавале қатысқан «Орталық Азияның инвестициялық экожүйесін дамытудағы жеке капиталдың рөлі» атты панельдік сессия барысында жасалды.

Ғаббас Ержановтың айтуынша, өңір әлі де жеткіліксіз инвестицияланған күйде қалып отыр, алайда private equity және венчурлік капитал нарығын жүйелі дамытуға бағытталған кезеңге біртіндеп өтуде.

«Негізгі сын-қатерлер — расталған track record-ы бар басқарушы компаниялардың шектеулі саны, нарық тереңдігінің жеткіліксіздігі және сенім инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттілігі», — деп атап өтті ол.

QIC мәліметінше, өңірдегі институционалдық инвесторлардың рөлі трансформацияланып келеді: олар енді тек қаржыландыру көзі ғана емес, сонымен қатар нарықты қалыптастырушы, басқарушы командаларды дамытушы және халықаралық капиталды тартушы институттарға айналуда.

Компания инвестициялық қорларды басқаруға қатысады, жергілікті командаларды дамытады және Alem Ventures Fund арқылы венчурлік экожүйенің қалыптасуын қолдайды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және co-GP форматын қоса алғанда, жаңа инвестициялық платформаларды іске қосуға ерекше назар аударылуда.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ қолдауымен QIC 2025 жылы экономиканың нақты секторындағы жобаларға 1 млрд АҚШ долларынан астам қаражат бағыттады.

Мемлекеттік даму институты мәртебесіне байланысты белгілі бір шектеулерге қарамастан, компания тұрақты даму бағытын сақтап, жеке капитал тарту құралдарын кеңейтуді жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

QIC «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіреді және Қазақстан мен Орталық Азияда private equity және венчурлік капитал нарығын қалыптастыру бағытында жұмыс істейтін негізгі даму институттарының бірі болып табылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.