26 жыл бойғы табыс: Canon компаниясының әйел фотожурналистерге арналған гранты және видеографтарға арналған гранты — өтінім қабылдау басталды
Алматы, Қазақстан, 23 сәуір 2026 жыл – Canon Europe (Canon компаниясының еуропалық бөлімшесі) халықаралық фотожурналистика фестивалі Visa pour l'Image-бен серіктестікте фотография және кино түсіру саласындағы ұзақ мерзімді деректі жобаларды қолдауға арналған екі грант жариялады.
Canon компаниясының сторителлинг саласындағы үздік жетістіктері үшін әйелдер фотожурналистерге арналған 26-шы гранты ең көрнекті фотографқа фотожурналистикаға қосқан үлесі үшін арналады, ал видеографтарға арналған 7-ші гранты әлеуметтік, мәдени немесе экономикалық мәселені деректі фильм түрінде баяндағысы келетіндерге беріледі. Грантқа әлемнің кез келген жеріндегі үміткерлер таласа алады.
Әйел фотожурналистерге арналған Canon гранты
Осымен 26-шы жыл қатарынан Canon және Visa pour l'Image ұзақ мерзімді деректі жобамен айналысатын әйел фотожурналиске 8000 еуро көлемінде грант ұсынады. Грант қазір жүргізіліп жатқан жобаны аяқтауға немесе жаңа жоба жасауға көмектесуге арналған. Жұмыстарды танымал сала мамандарынан тұратын қазылар алқасы бағалайды. 2025 жылы француз фотожурналисі Марион Пеэ Украинадағы жастардың өмірін құжаттаған ұзақ мерзімді жобасы үшін марапатталды. Гранттың бұрынғы иегерлерінің қатарында Анастасия Тейлор-Линд, Наталья Сапрунова және Акасия Джонсон бар.
Видеографтарға арналған Canon гранты
Сонымен қатар Canon және Visa pour l'Image видеографтарға арналған Canon грант байқауына қатысатын деректі фильм режиссерлерін іздейді. 2025 жылы аталмыш грантқа фотожурналист және кинорежиссер Шихо Фукада Лос-Анджелестегі жапон-америкалық қауымдастыққа бес ұрпақ бойы қызмет көрсетіп келе жатқан жерлеу бюросы туралы «Кішкентай Токионың жаңғырығы» жобасы үшін ие болды. Грант жеңімпазы шамамен сегіз минуттық қысқаметражды деректі фильм түсіру үшін 8000 еуро және бейнежабдық, яғни Canon бейнекамерасы мен екі объективін алады.
Қос грант та Visa pour l'Image және Canon арасындағы биыл 37 жылдығын атап өтетін ұзақ мерзімді серіктестіктің ажырамас бөлігі болып табылады.
2025 жылғы жеңімпаз жобалар (Марион Пеэ мен Шихо Фукаданың жобалары) биыл Францияның Перпиньян қаласында өтетін Visa pour l'Image фестивалінде көрсетіледі.
Өтінімді қалай беру керек
Әйел фотожурналистерге арналған Canon гранты:
- Өтінім беру мерзімі: 18 наурыз – 19 мамыр 2026 жыл.
- Грант осы салада белсенді жұмыс істейтін кәсіби фотожурналистерге беріледі.
- Өтінімдер әлемнің түкпір-түкпірінен қабылданады.
- Қатысу тегін.
- Өтінімді мына жерден беруге болады: https://visapourlimage.com/en/prix-et-bourses/bourse-canon-de-la-femme-photojournaliste/
Canon бейне гранты :
- Өтінім беру мерзімі: 25 наурыз–27 мамыр 2026 жыл.
- Грант осы салада белсенді жұмыс істейтін кәсіби деректі фильм түсірушілерге беріледі.
- Өтінімдер әлемнің түкпір-түкпірінен қабылданады.
- Қатысу тегін.
- Өтінімді мына жерден беруге болады: https://visapourlimage.com/en/prix-et-bourses/bourse-canon-du-documentaire-video-court-metrage/
[xfvalue_img]
