СҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа форматын ұсынды

СҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа форматын ұсынды

https://youtu.be/mNYldWO_DC8 

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысында 33 адам интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Тәжірибе көрсеткендей, олардың басым бөлігі бұған дейін ескертулерді көріп, алаяқтық тәсілдері туралы білген. Полицейлер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін жеткізу үшін профилактиканың түрлі форматтарын қолдануда. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің қызметкерлері өлең жазып, жасанды интеллект көмегімен бейне генерациялау трендін пайдаланып, есте қаларлық әуені бар серпінді әнге анимациялық бейнеролик әзірледі. 

Астарлы әзіл мен әсерлі бейнеряд облыс тұрғындарына келесі қауіпсіздік қағидаларын есте сақтауға көмектеседі деп күтілуде: SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламау; күмәнді сілтемелерге өтпеу; «құқық қорғау органдарынан», «банктен» жасалған «шұғыл» қоңырауларға сенбеу; біреудің үгітімен қаржылық операциялар жасамау. 

Бейнеролик YouTube платформасында қолжетімді, сондай-ақ оның үзінділері СҚО ПД-ның әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған. 

Кибералаяқтардың құрбаны кез келген адам болуы мүмкін. Қаңтар айында жәбірленушілердің ішінде зейнеткерлер (7 адам) мен әйелдер (20 жағдай) басым. Тәртіп сақшылары жақындарыңызды алаяқтардың айла-тәсілдерінен сақтайтын ақпаратпен бөлісуге шақырады. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.