Тұрғындармен өтетін кездесулерде полицейлер интернет-алаяқтардың қарияларға қолданатын айла-тәсілдері туралы айтуда

Тұрғындармен өтетін кездесулерде полицейлер интернет-алаяқтардың қарияларға қолданатын айла-тәсілдері туралы айтуда

(видео: https://youtu.be/FhxAUSMymVE) 

Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қашықтықтан жасалатын алаяқтық фактілерін ескерту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Жуырда қалалық Екінші полиция бөлімінің бастығы бастаған № 5 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары Жұмысшы кентіндегі Островский көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен үлкен жиналыс өткізді.

Екінші полиция бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов интернет-алаяқтардың жиі қолданатын және басқа да кең тараған тәсілдері туралы айтып берді. Бөлім бастығы тұрғындардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, осы ақпаратпен бөлісуді сұрады. Белгілі болғандай, интернет-алаяқтар қаржылық операцияларды жүргізу туралы күмәнді ұсыныстармен жиналғандардың барлығына дерлік хабарласқан. Ең қарапайым әрі тиімді амал – әңгімені аяқтап, тұтқаны қоя салу.

Жыл басынан облыста интернет-алаяқтықтың 400 фактісі тіркелген. Көбінесе облыс орталығының тұрғындары алаяқтардың құрбаны болған – мұндай 312 факті. Талдау көрсеткендей, қаскөйлердің қармағына түскендер – 40 пен 60 жас аралығындағылар. Алаяқтардың айла-тәсілдерінің арасындағы кең таралғандары – «банктен хабарласу» және интернет арқылы тауар алған кезде алдын ала төлем талап ету.

Бір-екі күн бұрын қаладағы instagram-пабликтерде қала тұрғындарының біріне әлдебіреулердің ақшалай несие ресімдегені туралы ақпарат тарады. Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері бұл фактіні ҚР ҚК 190-бабы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған алаяқтық бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті сұратуларды дайындап, жолдады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Естеріңізге саламыз, телефон арқылы сөйлесу және желіде жазысу барысында жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ құрылғыңызға күмәнді қосымшаларды орнатпаңыздар. Қаржылық операцияларға қатысты асығыс шешім қабылдамаңыздар, әңгімені бірден тоқтатып, өз банкіңіздің Call-орталығына және полицияның «102» нөміріне хабарласу қажет. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.